Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Ынтымақтастық атмосферасы.
1.Жағымды орта қалыптастыру.
Б. Білім алушыларды өзіне зейінін аудару үшін "Ұшты - ұшты" ойының жүргізу.
Шаттық шеңберге тұрғызу,бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
Б..Бой жазу жаттығулары.
|
Кең спорт алаң
ысқырық
Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Ж, ЖЖ, ҚБ) «Екі аяз» ойыны. Ойын алаңының қарама-қарсы жағында арасы 10-20 м. «үй» мен «мектепті» белгілеу қажет. Екі жетекші - «аяз», қалған ойыншылар - «балалар». Балалар үйдіңжанындағы сызыққа орналасады, ал алаңның ортасында көшеде «екі аяз» тұрады. Аяздар балаларға мынандай сөздермен өлеңдетеді: «Біз екі жас ағайын, екі аяз мықтымыз». Бір аяз, өзін көрсетіп: «Мен аяз - қызыл мұрын», екіншісі «мен аяз - көк мұрын». Екеуі:
«Біздерден қорықпай, кім жолға шығады?». Барлық балалар жауап береді:
«Біз қорықпаймыз, бізге аяз қорқынышты емес!». Осы сөздерден кейін балалар үйден мектепке дейін қашады. Аяздар оларды ұстап алуға тырысады, яғни оларды «қатырады». Ұсталғандар сол жерде тоқтайды. Сонан соң аяздар балаларға жаңағы сөздерді қайталайды, балалар да жауап береді де, үйге жүгіреді. Жолда ұсталып қалған балаларға көмектеседі, яғни оларға қолдарын тигізеді, сөйтіп оларды ойынға қосады. Аяздар балаларды тағы ұстайды, тұрған балаларға көмектесуге бөгет жасайды. Екінші рет аяздар өлеңді толық айтпайды, тек соңғы шумақтарын айтады. Екі айналымнан кейін қолға түскен балалар жаңа аяздарды таңдайды. Қолға түскендерді санайды және жіберіп қояды. Ойын қайтадан басталады. Жетекшілер де ауыстырылады. Ойынның соңында
«аяз» қатыра алмаған «балалар» және ең жақсы жүргізуші сыңарлар анықталады.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам арқылы бағалау.
Толықтай түсінсе, сенімді болса – жасыл түсті таңдау
Түсінуге жақын болса, аздап білсе – сары түсті таңдау
Түсінбесе, сенімді болмаса – қызыл түсті таңдау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |