Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру Оқу мақсаттары



бет29/327
Дата29.11.2023
өлшемі0.83 Mb.
#484789
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   327
4-сын қмж дш

Тілдік мақсаттар



  • қауіпсіздік техникасы, тәуекелдер;

  • физикалық қасиеттері, қозғалыс дағдылары

  • жүгіру, секіру, лақтыру

  • таңғы гигиеналық гимнастика

  • төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік

дәлдік, бақылау эстафеталар, жеделдету,командалық жұмыс

Құндылықтарды дарыту

Ойын арқылы білім алушыларға бір – біріне деген құрметті және ықпалдасып топпен жеңіске жетіге болатындығын дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық сауат ашу, өзін өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім



Білім алушылар жеке, жұпта, шағын топтарда жүгіру, секіру, лақтыру бойынша жаттығуларды жасау үшін жұмыс істейді. Жеңіл атлетика элементтері бар әртүрлі эстафетаны орындайды.

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин



Ұйымдастыру кезеңі. «Жағымды орта қалыптастыру»
Б.«Шаттық шеңберге» тұрғызу арқылы бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау
Топқа бөлу: «Санау әдісі»арқылы 2 топқа бөлемін.
«Бой жазу жаттығуын» жасатамын. Оқушыларды шеңберге жинап, «Алтын сандықша» әдісі арқылы сұрақтар қою..Сандықтан суреттерді алып,атын атап, көрсету. ( жүгіру бейнесі, жүру бейнесі,секіру,лақытыру,жалаужа, мәре-сөре сызығы).
болады ма?
-- Бүгін біз нені үйренеміз?
Бүгін біз лақтыру секіру және жүгірумен эстафеталық ойындар ойнаймыз .

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.



Іс-әрекеттің әрбір түріне кең алаң,ысқырық

Сабақтың ортасы
25 мин

Эстафета түрлері. 
Ойынның мақсаты: командаға бөлініп, неше түрлі лақтыру,секіру және жүгіру бар жаттығулар орындау арқылы өзара қимыл-қозғалыстарын үйлестіру,қимыл-қабілеттерін шыңдау. 
Эстафеталық ойындар сан алуан, бірақ оларды ұйымдастыруға қойылатын талап көбінесе біркелкі болады. 
Мәселен: 
-барлық эстафеталық ойындар екі немесе одан да көп крмандаға (сыныптағы оқушылардың санына қарай) бөілініп өткізіледі; 
-орындалатын жаттығулар барлық ойыншы үшін бірдей. Балалар ол жаттығуларды бірге бастап,бірге аяқтайды; 
-командалар өзара «Кім бұрын,кім мықты,кім бірінші» деп жарысады.Күш сынасады; 
-міндетті түрде жеңімпаз және жеңілген команда болады
-командадағы барлық ойыншылар жаттығуларды біркелкі дұрыс, жақсы орындағанда ғана жеңіске жетеді; 
-команда ойыншылары капитандарын тыңдап,ұйымшыл болып, ойын ережелерін дұрыс орындаулары шарт; 
-ойын барысынгда ойыншылар бір-бірімен ренжіспей,қайта көтермелеп, мадақтап, жеңіске жету үшін бар ықыластарын салып орындауға тырысса ғана жеңіске жетеді; 
-жеңілген кезде келесі жолы жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдерін жетілдіріп,жеңіске жетуге бар күш-қайраттарын салуға,бар кісідей әрекеттенуге келісіп,шешімге келіп отырылары қажет. 
Осы сияқты көптеген жағдайлар барлық эстафеталық ойындар үшін бірдей болғандықтан біз бірнеше эстафеталарды бір тақырыппен беріп отырмыз. 
1.Бір аяғын артқа бүгіп,оны бір қолымен ұстап секіріп жарысу; 
2.Бір тізені бүгіп, оны екі қолмен ұстап секіріп жарысу; 
3.Жүрелерінен отырып, тез жүріп жарысу; 
4.Төбелеріне кітап немесе басқа заттар қойып жүгіріп жарысу. 
5.Бір қолына су құйылған қасықты ұстап,жүгіріп жарысу; 
6.Алаңның бір шетіне тез жүгіріп барып,қайтарда жұмсақ төсеніштің үстінен бастан асып домалап,қайта жүгіріп жарысу; 
7.Белгіленген жерге дейін тез жүгіріп барып,солд жерде ине сабақтау, есеп шығару, жұмбақ шешу сияқты бір тапсырма орындап жарысу; 
8.Әр комададан екі бала шығып,біреуі қолмен жүріп,екіншісі оның аяқтарын көтере ұстап жүгіріп жарысу; 
9.Екі-екіден құшақтаса жүгіріп жарысу; 
10.Екі-екіден бір-біріне теріс қарап тұрып,қолдарын айқастыра жүгіріп жарысу; 
11.Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу; 
12.Қос аяқтап секіріп жарысу; 
13.Төрт аяқтап еңбектеп жүгіру; 
14.Жүрелеп отырып, бақаша секіріп жарысу

Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   327




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет