Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Үйге тапсырма - Жарнама тақырыбы.
Үй тапсырмасын «Өрмекші торын құру» арқылы сурау және жарнама құру арқылы сұрау.
Жаңа тақырып түсіндіру.
Жаңа тақырыпқа өтпес бұрын интерактивті тақтадан бәсеке тақырыбына байланысты суреттер көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Бәсеке дегеніміз- бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Адам Смиттің “көрінбейтін қол” мысалының негізінде бәсекелестік теориясы жатыр, яғни, әрбір жеке адам немесе кәсіпкер ең бірінші өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткізу үшін олар өз қызметтерінің бәсекелік қабілетін арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегінде жаңа ізденістерді, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашып, жалпы экономика дамуына улес қосады.
Бәсеке өз кезегінде салаішілік, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлінеді. Ішкі және саларалық бәсеке қоғамдық еңбектің бөлінісінің заңдылықтарын дамытып, өнеркәсіпті мамандандыруға. Салалардың салаішілік, өнеркәсіп орындарының санының артуына және олардың бір-біріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Салаішілік бәсеке тауарлардың нарықтық бағаласын қалыптастырады. Олардың ішіндегі техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнімділігі артық кәсіпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбір саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнімділігі қарқынының деңгейі, тауарлардың жеке құны әр түрлі болып отырады. Салаішілік бәсеке негізінде кәсіпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға, инновациялық, өнімдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлі рынокта қызмет етуші шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни, сырттан келетін инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекші сала ретінде алып шығыу үшін бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлі елдер арасында орын алады. Бүгінгі жандану Ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене тускен жағдайда әрбір ел өзінің егемендігін және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшін бәсекеге түседі. /1; 9б./
бірнеше басты салаларды әлем бойынша өзіне қарату, нау-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
көп аспектілік, әр түрлі рынок құрылымы мен механизмдеріне бейімді болу;
нарықтың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
нарықтық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерінің болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |