Д
Алюминий
әптермен жұмыс
Үлгі бойынша 3 -4 сөйлем құрап жазады.
Үлгі: Арқалықта алюминий өндіріледі.
Дискриптор:
Бағалау: «Басбармақ» әдісі.
32 тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқиды
Жезқазған — жыр қайнарым,
Мыс балқып қойнауында тулайды ағын.
Көзіндей батыр мінез бабалардың
Ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!
Дүниені жайласа да дауылды ағын,
Ерлерше сақтап қалған мәнін, жанын.
Жігерін жұқартпаған жезді өлкеде
Жер қазып, мыс балқытқан бауырларым.
Фариза Оңғарсынова
Жезқазған
Мыс
Өлеңнен біріккен сөзді тауып, оның қалай жасалғанын түсіндір.
О: Жезқазған – біріккен сөз. Жез және қазған – екі сөзден жасалған.
Мыстан не жасайды? Дереккөздерден сұрақтың жауабын тауып, жазады (мыс туралы видео жазба көрсетіледі).
Дискриптор:
- Білім алушы
Өлеңнің мазмұнын түсіне алады.
Өлеңнен біріккен сөздерді таба алады.
Мыстан не жасайтынын біледі.
Бағалау : «Екі жұлдыз, бір ұсыныс »
33 тапсырма. Тірек сөздермен монолог құрап жазады.
Тақырыбы: Мен геологпін.
Тірек сөздер: мен, геолог, жерасты қазбалары, іздеп табу, оның қорын анықтау, кен байлықтары, халықтың игілігіне жарату, армандау, Ереймендау, Ақсу, Жезқазған, Кентау, мақтан ету.
Мен геологпін.
Мен болашақ геологпын. Менің арманым жерасты қазбаларын іздеп табу. Мен болашақта Ерейментау, Ақсу немесе Жезқазған, Кентау кен орындарында жұмыс істегім келеді. Ол үшін мен қазіргі күннен бастап өзіме мақсат қойыуым қажет. Мен кен орындарын анықтау арқылы кен байлықтарын халықтың игілігі үшін жұмсағым келеді. Мен өзімнің арманымды мақтан етемін. Ел болашағы жас ұрпақтың қолында.
Дискриптор:
- Білім алушы
Тірек сөздерді пайдаланып, монолог құрап жаза алады.
Монологтың ішінен біріккен сөздерді таба алады.
Бағалау: Мұғалімнің бағалауы «Кілттер»
Өте жақсы орындаса 3 түрлі кілт беріледі.
Жақсы орындаса, 2 кілт беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |