Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мектебі: №104 негізгі орта мектебі



бет103/152
Дата10.04.2024
өлшемі239.79 Kb.
#498354
түріСабақ
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152
1 сынып ҚМЖ

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Аудиодиск

Оқулық
А4 форматты ақ қағаздар


Қарындаштар
Карточкалар

№2 жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс



(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 5-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді.Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген.Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды.Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады.Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі.
(Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(МК, Ұ)Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:
Мынау не?(Мұғалімнің қолында немесе тақтада суреттер болуы керек: тау, саябақ, дүкен, үй, мектеп, ұшақ, велосипед, мәшине, автобус, пойыз).
Сен қайда барасың? Сен мектепке (үйге, дүкенге, тауға, саябаққа) кіммен барасың?
Сен мектепке (үйге, дүкенге, тауға, саябаққа) немен барасың? Сен коньки (шаңғы, велосипед) тебесің бе? Сен Медеуге барасыңба? Сен «Медеуге» кіммен барасың?
(Ж)Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
(Қ)Осы бөлімнің соңында оқушылардың :
-көлік түрлерін атай алу (ұшақ, велосипед, мәшине, автобус, пойыз);
-қайда баратынын /бармайтынын айта алу (мектепке,тауға, үйге, саябаққа, дүкенге);
-немен(қалай) баратынын айта алу (мәшинемен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен, велосипедпен, жаяу);
-кіммен баратынын айта алу (анаммен,әкеммен, атаммен, әжеммен);
-«Медеуде» не істейтінін айта алу (коньки, шаңғы тебу) дағдылары қалыптасуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет