Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мектебі: №104 негізгі орта мектебі



бет35/152
Дата25.02.2024
өлшемі310.2 Kb.
#493152
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152
1 сынып ҚМЖ[1]

Кейбір оқушылар:
Сен неше жастасың сұрағына жауап беріп , өз жасын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады, өзі туралы толық ақпарат бере алады.

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  4. Күнделікті өмірде қолданады

  5. Қанша жаста екенін айта алады.

Дескриптор
-суреттерді ажыратады
-берілген түстерді ажыратады
-сөздердің мағынасын түсінеді
-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Аудиодиск

Оқулық
А4 форматты ақ қағаздар


Қарындаштар
Карточкалар

№1 жұмыс дәптері



Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс



(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен неше жастасың?
деген сұрақ және жауап беру үлгісімен(Мен алты жастамын.) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады. (Ж)
(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты (жеті,сегіз, тоғыз, он) жастамын. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды айтады, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың? сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.
(МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді.Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста.
(МК, Ұ )3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге дағдыланады. Оқушылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста.Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар бұл сөздің қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді.
(Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісінбір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды үйренуі тиіс: мұғалімнің (Сенің атың кім? Сен неше жастасың?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу.Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды
Үлгі:
-Сәлем!
-Сәлем!
-Сенің атың кім?
-Менің атым - ... . Сенің атың кім?
-Менің атым - ... .
-Сен неше жастасың?
-Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?
-Мен жеті жастамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет