Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Азия су аймағы туралы біледі, оның құндылықтарын айта алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Тыңдалым Аралым
Әуелеп ұшқан әнім де менің елші екен,
Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең.
Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен.
Аралым арман толса екен,
Аққулар қайта қонса екен.
Ұл-қыздарыңның санасы
Теңіздей терең болса екен!
Аралым қайта келсе екен,
Қазаққа ғана енші екен.
Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр!
Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр!
Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен,
Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер!
1.Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз. [3]
2. Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз. [2]
_________________________________________________________________3. «Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай? 2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
_________________________________________________________________
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз. [3]
_________________________________________________________________Оқылым Мұхитта да пластик қоқысты мекен етушілер бар
Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді.
Бірақ пластик қоқыстар – кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды.
Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы ең үлкен осы иірімге жиналып қалады.
Трейси Минсер, Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологі:
– Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған сияқты, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әр нәрсеге жабыса бермейді. Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады.
Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады? Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме?» деген сауалдар қояды.
Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтер пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтердің геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздемек.
Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ. [5]
негізгі ақпарат
|
қосымша
ақпарат
|
факт
|
көзқарас
|
идея
|
|
|
|
|
|
Үйге қайталау.
Рефлексия: «3,2,1» әдісі
|
сурет
Кесте
Плакат
.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау
|
Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы
|
1 деңгейлі «үш қадамдық сұқбат» әдісі
2 деңгейлі- «Сұрақтар желісі » әдісі
|
–«Бес бармақ» әдісі
Кері байланыс;
Бағалау парақшалары;
Смайликтер арқылы;
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың мақсаты
мен оқу міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар
не үйренді?
Сабақ қалай өтті,
қандай деңгейде
өтті? Жоспарланған
саралау жақсы
іске асты ма?
(тапсырмалар
сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай
пайдаландым?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|