Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Қарағанды жерінде көмір өндірісі бар екенін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
«Қарағанды» романы жайында қысқаша түсінік беру.
«Қарағанды» романы – 1952 жылы жарық көрген. Қазақстанда совет өкіметі тұсында өркендеп дамыған өндірісті, онда жұмысшы табының туып, қалыптасуын көрсетуге арналған. Автордың өзінің балалық , жастық шағы сол ортада, Қарағаншы жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді. Онда ол жер қазды, темірдің тотын қырды, токарь , машинист болып істеді. Ағылшындардан қирап, тозып қалған, жабылған Қарағандыны жақсы білді. Оның совет өкіметі тұсында қайта ашылуының куәсі болды. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәрбиеленуін өз көзімен көрді. Сөйтіп оны жазушының көзімен қайта қарап, үлкен романға арқау етті.
1) Қарағанды шахтасында жұмысшылар қандай қиындықтарды бастан өткізді?
2) Автор не себепті шахта өнеркісібін шығармасына арқау етіп алды?
3) Тыңдаған үзіндіде не туралы айтылған?
4) Үзіндідегі шығарма кейіпкерлерінің көңіл күйі жайында не айта аласыз?
5) Шахтадағы еңбек өнімінің артуна не себеп болды?
6) Шығарманың негізге идеясы неде?
(Ж) Төмендегі мақал-мәтелдерді орынды пайдаланып, мәтіндегі көтерілген мәселе жайында өз ойыңызды айтып беріңіз.
1) Еңбек ердің санаты, Білім ердің қанаты.
2) Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.
3)Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |