Сабақ тақырыбы: Екіжақты бұрыш



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі23.94 Kb.
#458324
түріСабақ
1   2   3
Математика 10 Кеңістіктегі бұрыштар Екі жақты бұрыш Сабақ жоспары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
(8-10 минут)



  1. Оқушылармен амандасу, ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау.

  3. Алғашқы білімдерін қайталау (оқушылардың өткен білімдерін қайталап еске түсіру мақсатында төмендегі сұрақтар оқушыларға қойылады):

1) «Егер екі түзудің ортақ нүктесі болмаса, олар параллель болады» деген тұжырым дұрыс па?
2) Екі түзу кейбір жазықтыққа параллель. Онда олар
а) қиылысуы мүмкін бе?
б) айқаса ма?
3) а және b айқас түзулері с түзуіне параллель болуы мүмкін бе?
4) а және b айқас түзулер берілген. А және А1 нүктелері а түзуінде жатады, В және В1 нүктелері b түзуінде жатады. АВ және А1В1 түзулері қалай орналасады.
5) а түзуі b түзуімен айқасады, b түзуі с түзуімен айқасады. Осыдан а және с - айқас түзулер болады деген қорытынды шығаруға бола ма?

Оқушылар жұмыстары

Сабақтың ортасы
(25-30 минут)

«Екі жазықтық арасындағы бұрыш (екі жақты бұрыш)» тақырыбы бойынша «Bilimland.kz» интернет ресурсы бойынша оқушыларға видео көрсетіледі.

Екі жақты бұрыш туралы негізгі түсінік қалыптасқандықтан презентацияны қолдана отырып оқушыларға «екі жақты бұрыш» анықтамасын беруге болады. Сонымен қатар бұл бұрыштардың проекцияларын жазықтықта бейнелеп көрсетуді үйренеді.


Жаңа тақырып бойынша оқушылардың менгерген білімдерін жетілдіру мақсатында «Bilimland.kz» сайтынан 2-жаттығу және 3-жаттығу жұмыстары беріледі. Бұл тапсырмаларды оқушылар жұпта орындаулары қажет. Егер орындау барысында оқушыларда сұрақтар туындап жатса, көмекті келессі жұп мүшелерінен сұрауға болады.


Жұптық жұмыстан соң оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.


Оқушылар бұл жеке тапсырмаларды аяқтағаннан кейін мұғалім бұл есептердің шешу жолдарын тексеріп шығарып, қажеттілігіне қарай оқушылар жұмысында бүгінгі тақырып бойынша жиі кездескен қателіктерін айтады.



https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=11765

слайд 1-6

https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=11765



слайд 7

Сабақтың соңы



Бүгінгі өткен сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
а) Екі жақты бұрыш дегеніміз не?
б) Екі жазықтық арасындағы бұрышты анықтау алгоритмі қалай?
в) Қағаз бетінде сол бұрыштарды бейнелеп көрсете аласыз ба?
Үй тапсырмасы: слайд 8






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет