3. Топқа бөлу: Түрлі түсті қағаздар тарату, сабақтың тақырыбына байланысты географиялық ұғымдар бойынша топтарға бөлу 4 топқа: «кенттену», «моноқала», «агломерация», «мегаполис». Әр топқа екі, үш дарынды баладан бөлу
Интербелсенді тақта, түрлі -түсті қағаздар.
Ортасы 1140 – 1145
1145-1210
.
Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл» тәсілі бойынша интер белсенді тақтадан фото суреттер мен бейнефильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу. «Алматы агломерациясы», «Қала және қоршаған орта» 2 минут көрсетілім, 3 минут сұрақ - жауап. (көрсетілімде кинометафораны пайдалану)
1. Бейнефильмнен не көрдік жаңа тақырыпқа қандай қатысы бар?
2. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
3. Алдарыңда қандай термин сөздер бар?
Топтық жұмыс. "Ойлан, жұптас, бөліс"стратегиясы бойынша топтарға тапсырма беремін.
1 тапсырма: Тақырыпқа сай мәтіндерді оқу, талдау. Тапсырманың орындалуын бақылау, қажетіне қарай кері байланыс беру. 51-55 беттер. Топта мәтінді оқиды, жұптарына түсіндіреді, топта талдайды.
1. «Кенттену» тобы: Елді мекен типтері, қала саны, кенттену дәрежесі, қалалардың жіктелуі олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар. Халықтың тығыздығы картасынан қала халқының санын анықтап кескін картасын жасау, түсіру.
2. «Моноқала» тобы: Қала мен ауыл халқына "Венн диаграммасын" арқылы салыстырмалы сипаттама беру. Ауыл мен қала халқына қатысты алып келген фотосуреттерді кезең-кезеңімен жинақтау, айырмашылықтарын салыстыру, кестеге түсіру, сенің болашаққа деген көз қарасың.
3. «Агломерация» тобына:Агломерацияның негізгі белгілері. Кенттену, агломерация, моноқала, мегаполис ұғымдарына анықтама беру. Астана, Алматы агломерациясының даму болашағына сенің көзқарасың қандай? Сызба түрінде көрсету.