Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Керемет деп нені түсінесіздер?
|
Не себепті …. деп ойлайсыз?
|
Не себепті әлемнің жаңа жеті кереметтері «Қытай қорғанын», «Колизей амфитеатрын», «Мачу-Пикчу мекенін», «Чичен-Ица майя қаласын», «Петра қаласын», «Тәж-Махал кесенесін», «Құтқарушы Иса мәсіх мүсінін» кереметтер қатарына енгізген деп ойлайсыз?
|
ишара:
|
бет, дене, қол қимылдары
|
Құндылықтарға баулу
|
• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, география.
|
Алдыңғы оқу:
|
«Қазақстанның 7 кереметі»
|
Жоспар
|
Сабақтың кезеңдері
|
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Шаттық шеңбері.
Қазақстанның көрікті жерлеріне теңеу арқылы бір-біріңізге тілек тілеңіздер.
Топқа бірігу.
І топ: «Мәдени мұра»
ІІ топ: «Тарихи ескерткіш»
ІІІ топ: «Рухани құндылық»
Сабақ «Лабиринт» әдісі бойынша жүзеге асады.
Мұнда көбелектің гүлге жетуі үшін жеті жапырақтан өту керек. Әр жапырақта тапсырма берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы гүлге жетеміз.
1. Алдыңғы сабақты пысықтау
«Нөмірленген кісілер» әдісі арқылы топтарға 1-7-ге дейін нөмір таратып, санды атаймын, сол сандағы оқушы үй тапсырмасы бойынша берілген интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап береді.
Қазақстанның жеті кереметін атай аласыздар ма?
Бірге жазылатын сөздер дегеніміз не?
Бөлек жазылатын сөздерді атаңыз?
Дефис арқлы жазылатын сөздерге мысал келтіріңіз.
Бағалау.
Әрбір жауап берген оқушыны «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалап отыру.
|
Қима қағаздар
Топ аттары
Бағалау парақша
|
Сабақтың ортасы/
сабақтың негізгі бөлімі
|
Ой қозғау
Кереметтер қатарына ену үшін қандай талаптар қойылады?
Әлемнің жеті кереметін атай аласыздар ма?
Бұл керемет деген атауға ие болған мүсін, ғимараттардың барлығы уақыт өте келе жойылып кеткен, алайда көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша әлемнің жаңа жеті кереметі тағайындалды.
|