Сабақ тақырыбы Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы



бет3/5
Дата01.04.2024
өлшемі1.22 Mb.
#497156
түріСабақ
1   2   3   4   5
1.Фигуралардың кеңістікте орналасуы.Кеңістік фигураларын кескіндеу«көрінбейтін» сызықтар.Вектор ұғымы.Нұсқа1

Тік бұрышты параллелепипед - барлық беті тіктөртбұрыш болып табылатын көпжақ.
Тік бұрышты параллелепипедте
8 төбесі, 6 жағы, 12 қыры бар.
Тік бұрышты параллелепипедте
үш өлшем - ұзындығы, ені мен биіктігі бар.



Текше тік бұрышты параллелепипед болып табылады, оның барлық беті квадрат. Жақ саны – 6, төбе саны 8, қырлар саны – 12. Текшенің ұзындығы, ені мен биіктігі үш өлшемі бар. Текшедегі барлық үш өлшемдер бірдей.







Пирамида - бұл көпжақ, табанында орналасқан көпбұрыш - пирамиданың негізі болып табылады, ал басқа бүйір беттері төбелері ортақ үшбұрыштар болады. Табанынан ерекшеленетін жақтары бүйір жақтары деп аталады.
Бүйір жақтарының ортақ төбесі пирамида төбесі деп аталады.
Пирамиданың төбесін табанымен байланыстыратын қабырғалар бүйір қабырғалар деп аталады.




Цилиндр - бұл тіктөртбұрыш бір қабырғасынан айналу арқылы пайда болған фигура.

Цилиндрдің үсті және асты цилиндр табандары деп аталатын шеңберлермен шектеледі.




Конус - бұл тікбұрышты үшбұрыштың қабырғасы арқылы айналудан шыққан фигура.
Конус табаны - бұл шеңбер.


Шар – бұл дөңгелектің диаметрі арқылы айналдырудан алынған фигура.
Шардың беті сфера деп аталады. Шар мен сфераның центрі, радиусы және диаметрі бар.



Есте сақта!
Кеңістіктік фигураларды бейнелеу ережелері:
1) бақылаушы көзіне көрінетін сызықтар тұтас сызықпен бейнеленген.
2) байқаушы көзге көрінбейтін сызықтар үзік сызықтармен көрсетілген.

Егер көпжақтың бетін кейбір қабырғалар арқылы қиып алатын болсақ, онда оны жазба түрінде қарастыра аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет