Сын тұрғысынан ойлаудың жеделдету қағидасы бойынша өткен тақырыптарға шолу жасалынады. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша тақырыпты өздігінен меңгеру барысында сыныптың проблемалық тапсырманы орындап шығуына бағыт беріледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT техникасы қолданылады.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі.
|
Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.
|