Сабақ тақырыбы Жаңа сөздер Жалпы мақсаты



бет1/3
Дата08.04.2024
өлшемі43.63 Kb.
#497873
түріСабақ
  1   2   3
Жаңа сөздер (done ок)


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

Қазақ тілі



Мұғалім

Сванғожаев Алмас Болатұлы

Мектеп, сынып

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы,
Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп, 5-сынып

Сабақ тақырыбы

Жаңа сөздер




Жалпы мақсаты:



Оқушыларға жаңа сөз туралы мәлімет беру арқылы лингвистикалық білімдерін кеңейту. Сабақта қолданылатын лингвистикалық материалдар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды достыққа берік болуға, еңбекке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық,



http://itest.kz/kazakh-tili

Оқу нәтижелері:



Жаттығулар орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлайды, белсенділіктері артып, сабаққа қызығушылықтары артады.





Сабақ кезеңдері:

Жоспарланған іс-әрекеттер

Рессурстар

Ұйымдастыру кезеңі:
3 минут

10 минут


25 минут


  • Сәлемдесу,

  • Топқа бөлу (Геометриялық фигуралар арқылы)

Психологиялық ахуал (Тілек айту)
(Оқушылар өздерінің атын айтып, жақсы қасиетті айтады. Мысалы: Алмас – ақылды, Қанат – қайратты т.б.

Үй тапсырмасын тексеру.


1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.
2. 154, 155-жаттығу.

Оқушылардың дайындықтары тексеріледі.



  1. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Үйрек алу лашынға сөз емес екен.
B) Абайдың бұл келісін ұрын келу деп атайды.
C) Теңіз үстіне ауыр тұман көтерілді.
D) Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.
E) Борашта ерекше бір тәртіптілік бар.

  1. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі әлсіз ғана бүлкілдейді.
B) Қаңтардың қысқы түні ащы ішектей шұбатылып бітпейді.
C) Ауыл күзектен көшер алдында Мысықты үйіне ертіп келді.
D) Он сегіз жасқа жаңа толғанда соғыс басталды.
E) Шығар күнді сергек сезіммен асыға тосты.

  1. Тарихи сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Жібек туларды жел желбірете түседі.
B) Ойы – мемлекеттің іргесін бекемдеу.
C) Жауы жағаласып, тыныштық бермей келеді.
D) Бүгін ханның жаны жай таппады.
E) Жаз айларында құсқа лашын салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет