Тақырыппен жұмыс: Мұғалім:Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш алғаш енген кезде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады.
Мысалы, компас, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.
Таныстырылым
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады. Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық т.б.
Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
1. Жаңа сөздер деген не?
2. Жаңа сөздерге мысалдар жаз.
3. Өлеңде жаңа мағынаға ие болған көнерген сөзді тап
Бала болдың жас болдың,
Жамандыққа ермедің.
Төре болдың бас болдың,
Жалғандыққа ермедің.
ІІ деңгей
1. Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді теріп жаз.
Мектеп, карта, телевизор, аялдама, кеден, өнеркәсіп, қағаз, оқулық, баспасөз, ғарыш, әмбебап, желтоқсан айы, сынып, қорғаушы, сұраныс, тапсырыс, асаба, оқушы, ұстаз. 2. Тәуелсіздікке байланысты кірген жаңа сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта мәтін құра.
ІІІ деңгей
1. Жаңа сөздерден жаңылтпаш құра.
2. Көнерген сөздің негізінен қайта тіріліп, жаңарған сөздерді ата.
Үлгі: төре – төреші
3. Жаңа сөздер қанша түрлі жолмен пайда болады? Мысалдармен дәлелдеп жаз.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
167-жаттығу (ауызша)
Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Мәтіндегі неологизмдердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
Мәтін мазмұнына сүйеніп, оқиғаның өту кезеңіне, ұлттық дәстүрлерге назар аударыңдар.