Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу (1-ші сабақ)


I . Оқушыларға тақырып бойынша «bilimland»-тен видео материал көрсетіледі



бет2/5
Дата10.11.2022
өлшемі414.01 Kb.
#464431
түріСабақ
1   2   3   4   5
ҚМЖ-2022 cpm

I . Оқушыларға тақырып бойынша «bilimland»-тен видео материал көрсетіледі
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгеріп, мысал келтіреді.


Оқулықпен жұмыс.
Тік төртбұрыштың ауданы, ені берілген. Ұзындығын табу керек.
Нұсқау: 1. Ұзындығын х-пен белгілеп, ауданын белгісізі бар теңдік түрінде жазу.
2. Теңдіктің екі жағын да -ге кері санға көбейту.
3. х-тің мәнін жазу.

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Ережені әріптермен жазсақ:



Мұндағы - натурал сан немесе 0 саны, натурал сандар.
Мысалдар:



Аралас санды аралас санға бөлу
Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.

Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.



«ЕБҚ» оқушыға сұрақ: Санды нөлге бөлуге бола ма? Болмаса неге?


«Конверттегі сұрақ» әдісі топтарға алдын ала әр топқа берілген конвертке ұпай сандарын тігеді. Ортақ ауызша есеп, немесе сұрақтар қойылады, оқушылар өз топтарында 2 минутта талқылап, ауызша жауап береді.Топтан бір-бір оқушыдан жауаптарын оқиды. Жауапты тексеріп, конверттегі ұпайларын есептеп отырады.
Сұрақтар:

  • Жай бөлшектерді бөлу ережесін тұжырымда. 1ұпай

  • есептің жауабын негіздеңіз: 2 ұпай

  • Аралас санды натурал санға қалай бөлеміз? 1ұпай

  • есепті тексеріңіз: 2 ұпай

  • (Санды 0-ге бөлуге болмайды) 1ұпай

7ұпай



Мұғаліммен амандасады


Кезекші оқушы көмектеседі
Бәрі мұғалімге назар аударады
«Жақсы, өте жақсы!» т.б
Үстел үстінен топтың аты жазылған парақша
алған 4 оқушы- топ жетекшілері тездетіп топ
мүшелерін жинап алады, отырғызады.
Оқушылар сол сәтте әрқайсысысын ажыратып,
төрт топқа бөлініп отырады.

«ЕБҚ» оқушы стикердегі санды оқиды,өз тобына отырады.

Оқушылар деңгейлік сұрақтарға қатысады


Оқушылар бір-біріне жай бөлшектер, аралас сандар, оларды көбейтуге байланысты сұрақтар қойып, жауап береді. Өзара диалогқа түседі.

«ЕБҚ» оқушы тыңдайды, мұқият бақылайды, басқа оқушылар сияқты көзге көрінбейтін жіпсіз байланысты,тұйықталған тізбекті көруге тырысады.Көбейту амалына кері амал бөлу екенін біледі.

Оқушылардың жауабы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді оқимыз.


Сабақтың мақсатымен танысып,


тақырыпты жазады
«ЕБҚ» оқушы жұмыс дәптеріне жазады.

Оқушылар «bilimland» видео материалды қарайды, оқулықпен жұмыс жасап, жұппен талқылап, әр топ мысалдар келтіреді.


«ЕБҚ» оқушы алдымен видео қарайды, көршісімен жұптасады,топқа қатысады.
Әрбір оқушы өзі ойланады, көршілерімен жұптасып бір-біріне түсіндіреді, мысалдар келтіреді, топта талқылайды, мысалды тақтаға көрсетеді.
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлуге есепті нұсқауды пайдаланып, өз беттерімен шығарады, ережені тұжырымдайды.
Жай бөлшекті жай бөлшекке, аралас санды аралас санға және натурал санды бөлшекке бөлуге мысалдар жазады.
Әр топтан жай бөлшекті жай бөлшекке,аралас санды аралас санға, натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлуге арналған бір-бірден мысалдары тақтаға жазылады.
Талап: мысал қайталанбау, қате болса түзету.

«ЕБҚ» оқушы оқиды: Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.

Оқушылар өз топтарында 2 минутта талқылап, ауызша жауап береді. Топтан бір-бір оқушыдан жауаптарын оқиды. Жауапты тексеріп, конверттегі ұпайларын есептеп отырады.






Бекіту мақсатында «ЕБҚ» оқушы соңғы мысалды оқиды.

  • (Санды 0-ге бөлуге болмайды)


ҚБ: Тамаша!

ҚБ: Жарайсыңдар!








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет