Сабақтың ортасы
8 - 10 минут
11-30 минут
31-40 минут
|
(G) (f) Тәуекелдерді бағалау: Оқушылармен бірге қауіп-қатер көзі анықталып, барынша азайту шаралары талқыланады.. Оқушылар нұсқау парағындағы «Тәуекелдерді (қауіптілікті) бағалау» кестесін толтырады:
Қауіп-қатер көзі
|
Қауіп-қатер деңгейі
|
Қауіп-қатер ді барынша азайту шаралары
|
Электрлік плитка
|
жоғары
|
Сулымен қолмен ток көзінен суырмау. Жұмыс аяқталған соң ток көзінен суыру
|
Шыны ыдыстар
|
Орташа
|
Сынауықтарды штативке орналастыру
|
Этил спирті
|
Орташа
|
Қолғап, көзілдірік, ақ халат кию
|
Пышақ
|
Жоғары
|
Үшкір жағын өзгеге бағыттамау
|
Талқылаудан соң барлық оқушылар мен мұғалім техника қауіпсіздік журналына қол қояды.
(I) (f) Гипотезаны анықтау арқылы оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі.
Қызылшаның жасуша мембранасына факторлар (жоғары температура, этанол) әсер еткенде, беталаин пигменті босап шығып, сынауықтағы ерітіндінің түсі қанық қызыл түске боялады (жасуша мембранасы бұзылады)
G (f) Оқушылар жұппен айнымалыларды анықтап, кестені толтырады.
Айнымалылар – тәжірибенің соңғы нәтижесіне әсер ететін барлық фактор
Тәуелсіз айнымалы – әсер ету ерекшелігі (механизмі) зерттелетін, тәжірибе жасаушы өзгертетін фактор: температура
Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалының әсерін көрсетітін, тәжірибенің гипотезасын растауда қолданатын оң нәтиже алуға ықпал жасайтын фактор: қызылша бөліктері салынған сынауықтағы ерітіндінің (су) түсі
Бақыланатын айнымалы – барлық тәуелсіз айнымалының нұсқасында сақталуы шарт факторлар. Тәжірибедегі қателіктерді азайтады: температураның барлық шамасында (400С, 800С) сынауықтардағы қызылшаның көлемі мен саны бірдей болуы керек, барлық сынауықтарға бірдей көлемде су құйылуы керек, барлығы бірдей уақытта су моншада ұсталуы тиіс. Аталған айнымалының біреуінің өзгеруі нәтиженің дұрыс шықпауына алып келеді. Бұл оқушылардың зерттеушілік дағдыларының, жауапкершілікті сезінулерінің дамуына оң ықпал етеді.
|