Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады: үйдегі қауіпті заттарды ажыратып, қауіпсіздік ережесін құрастырады.Түрлі қауіп жағдаяттардың жолын тауып, шұғыл көмек қызметкерлеріне қоңырау шала алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: қауіп-қатер; жазатайым жағдай, шырпы, оттық.
Қауіп-қатер дегеніміз - табиғаттан және қауіпті заттардан туындайтын адамға зиянын келтіретін жағдай.
Жазатайым жағдай дегеніміз -адамның денсаулығына немесе өміріне залал келтіретин оқиға.
Сіріңке сөзімен синонимдес сөздер – оттық, шырпы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-Үйде қандай қауіпті заттарды білесің?
- Неге оларды қауіпті заттар деп атаймыз?
-Оларды қалай қолданамыз?
- Қандай шұғыл көмек қызметтерін білесің?
-Сен үйде жалғызсың. Кенет пештен шоқ түсіп, үй өртене бастады.Сен не істейсің? (егер сенде телефон жоқ
болса ше?)
--Сен бауырыңмен үйде отырғанда 2 жасар кішкентай бауырың байқаусызда дәрі ішіп қойды. Сенің іс әрекетің қалай болады?
- Сен отырған жеріңде инені жоғалтып алдың. Сен не істейсің? Инені қалай іздейсің?
- Сен үйде бауырың екеуің отырсыңдар.Бір кезде есікті біреу қағып, есіктің сыртынан өзін құбыр жөндеушімін деп таныстырды.Сен не істейсің?
- Сен аулада ойнап жүргенде су тасқыны қауіп қатері болып, үйдің ауласына су тола бастаса қандай іс-әрекет жасар едің?
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының 7 тармағында айтылғандай «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді шешу жаһандық тұрғыдан қатысуын басшылыққа ала отырып, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін құрастыртып, қандай да бір қауіптің алдын алуға тәрбиелеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |