Сабақ тақырыбы Кері итеруші күш Оқу мақсаттары



бет1/3
Дата07.10.2022
өлшемі37.41 Kb.
#462137
түріСабақ
  1   2   3
кері итеруші күш қмж



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қысым

Мектеп: №4 орта мектеп


Мұғалімнің аты-жөні : Өтеубек Аякөз Айсанқызы
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:

Күні: 03.03.2020ж

Сынып: 7 «Ә»

Сабақ тақырыбы

Кері итеруші күш

Оқу мақсаттары

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:
Архимед заңының формуласының физикалық мағынасын түсіну және Архимед заңына өмірден мысалдар келтіру.
Оқушылардың басым бөлігі: Архимед заңын есептер шығаруда қолдану
Кейбір оқушылар: Архимед заңы негізінде практикалық және эксперименттік тапсырманы талдай алу

Бағалау критерий- лері:

- Архимед заңының формуласының физикалық мағынасын түсінеді және Архимед заңына өмірден мысалдар келтіреді
- Архимед заңын есептер шығаруда қолданады
- Архимед заңы негізінде практикалық және эксперименттік тапсырманы талдай алады

Тілдік мақсат



Ағылшынша

Қазақша

Орысша

Archimedes law

Архимед заңы

Закон Архимеда

Swimming conditions

Жүзу шарты

Условия плавание

Full sink

Толық батады

Тонет

Floats

Жүзеді

Плавает

Would float

Қалқиды

Всплывает

Buoyancy force

Кері итеруші күш

Выталкивающая сила




Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, оларға түсінік беруге үйрету. Суға жүзу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ұстану

Пәнаралық байланыстар

География - өзен, көлдердегі денелердің жүзуін үйренеді.
Математика – математикалық амалдар қолдану, салыстыруды қолданады

Алдыңғы меңгерілген білім

Архимед күшін,ығыстырушы күшті,гидростатикалық өлшеу әдісін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақ басы
1 мин
2 мин
8 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының даярлығын тексеру
ІІ. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы топқа біріктіремін.
1-топ:Архимед
2-топ: Паскаль
3-топ: Ньютон
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
« Миға шабуыл » әдісі kahoot.it бағдарламасы арқылы

1.Қысым дегеніміз не?


2.Қысымның формуласы?
3.Паскаль заңы қалай айтылады?
4.Атмосфералық қысым дегеніміз не?
5. Қандай құралмен өлшейді?
6.Сұйықтар мен газдардағы қысымның формуласы?

Дескриптор:


-Қысымның физикалық мағанасын біледі
-Қысымның математикалық өрнегін біледі
-Паскаль заңын тұжырымдайды
-Әртүрлі заттардағы қысымның әрекет етуін ажыратады

ҚБ: Оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағалаймын!


2.Тақырыпты ашу. Тәжірибе туралы жағдаяттық сұрақ.
Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады.
Тәжірибе жасап көрейік
Шыны ыдысқа су толтырып,оның ішіне құтыны саламыз. Сол құтының ішіне жүк салып бақылаймыз. Сосын жүкті алып боялған су құямыз.
Проблемалық сұрақ:
Неліктен жүгі бар ыдыс суға батып кетті, ал суы бар ыдыс оның ішінде жүзеді?(оқушылар тығыраққа тіреліп,өз ойларын айта бастайды.) Тақырыпқа шығу, мақсат қою:
М:Сонда бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?
О: Кері итеруші күш!
М:Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
О: есептер шығаруда Архимед заңын қолдану!
М:Сұйықтың ішінде денеге қандай күштер әрекететеді?
О:Екі күш әрекет етеді:жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық күші. М:Дұрыс-ақ, олай болса жаңа сабағымызға көшейік

Үлестірме қағаздар , оқулық


Интереактивті тақта



Сабақтың ортасы
6 мин

6 мин


7 мин

6 мин


Жаңа сабақ. Ал енді бейнекөрініске көңіл бөліңіздер
Видео көрсетіліп, мәтін тыңдалады
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жаңа сабақ. "Кинометафора" әдісі арқылы
"Архимед заңы туралы" видеороликтер көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Топтық жұмыс.

  1. Динамометрді қолдана отырып, салмақтары мен көлемдері әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз, нәтижесін кестеге жазыңыз.

  2. Архимед күші объект салмағына байланысты ма?







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет