Сабақ Тақырыбы: «Киіз басу техникасы»



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі147.58 Kb.
#469640
түріСабақ
1   2   3
ашық сабақ

II. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.
Киіз басу – Жердегі меткелді дайындаудағы ең көне техника. Археологтар бірінші киіз басылған бұйымдардың пайда болуын 8000 жылдық мерзімді болжайды. Жалпы, киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата-бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. «Киіз басу» қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген. Табиғи жүнді басу екі әдіс арқылы жүзеге асыруға болады, яғни ылғалды және құрғақ әдістер.
Құрғақ киіз басу – арнайы инелердің көмегімен жүн түйіршіктерін нығыздау.
Инелерде арнайы кертіктері болады, олардың көмегімен жүн талшықтарын іледі, араластырады, шырмап тастайды. Бұл кертіктер шаншуға қарама-қарсы бағытта орналасқан, бұл иненің көмегімен жүннен оңай алып шығуға болады. Бұл әдіс фильцтеу деп аталады.
Ылғалды киіз басудың классикалық техникасы бірнеше факторлардың, яғни жүн, су, сабын және екі қолдың болуын айтады. Таңдалған түсті құрғақ жүнді үстелдің үстіне жазып қояды, әртүрлі жүнді суретті үстіне қойғаннан кейін сабынды сумен суландырамыз және жүннің талшықтары бір-бірімен біріккенге дейін әртүрлі бағытта қолмен ысқылаймыз. Киіз басудың ылғалды әдісі кезінде сабынды судың әсерінен талшықтар ұзартылады және тегістеледі. Бұйымды кептіру кезінде талшықтар бастапқы күйге келуге тырысады, мұндай талшықтардың кішіреюі 30%-ға дейін барады. Сондықтан ылғалды басу кезінде дайыналған бұйымның өлшемдерін алдын ала жоспарлау керек, яғни бұйымның өлшемі 1,5 немесе 2 есе болуы керек. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.Сабынды суды жылы сумен шаю, қатты сықпай кептіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет