Видеоролик: Киіз басу өнері https://youtu.be/xppHd59ZU2Q
IV. « Чипсы» әдісі
Жаңа сабақты ашу үшін оқушыларға сұрақ парақтары беріледі.
1. Жүн матаны көбіне қай жүннен өңдейді?
2. Ылғал киізбен құрғақ киіздің айырмашылығы?
3. Киіз басу өнерінің әдістері қандай?
4. Табиғи талшық неден өңделеді?
V. Практикалық жұмыс кезеңі
Біз бүгін қойдың жүнінен картина жасауды үйренеміз. Ол үшін сіздердің алдарыңызда өзім үйден өңдеп алып келген қойдың жүні, гуаш бояуымен арнайы түстерге боялды. Синтепон , тор мата ,су сепкіш, арнайы дайындалған сабынды су. Сабын ертіндісін дайындау үшін.
1. 100-125гр сабынға 2литр су керек
2.Сабынды ірі үккіштен өткізіп алады
3. Үккіштен өткен сабынды табаққа салып үстіне 1 литр қайнаған су құйылады.
4.Оның үстіне үй температурасындағы тағы 1 л су құйылады
5.Ерітіндіні көпіртіп, қоюланған соң жұмысымызға қолданамыз.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:
-Жұмыс орнын ретке келтіру.
-Арнайы алжапқышты тағып алу.
-Жұмыс құралдарын түгелдеу.
-арнайы қолымызға қолғап киеміз
Жүннен картина жасау
Нұсқа карта
р/с
|
Жұмыстың орындалу реті
|
Бейнеленуі
|
Қажетті
құралдар
|
1
|
Алдымен жұмыс орнын ретке келтіру. Тор матаны жайып үстіне синтепонды өзімідің қалауымызша біркелкі етіп жаямыз, ескере кететініміз синтепонның көлеміне байланысты картинамыз шығады
|
|
Синте-пон ,тор
мата
|
2
|
Өзіміздің қиялымыздағы эскизді
Түрлі-түсті жүннің көмегімен синтепонның үстіне орналастырамыз.Жүннің біркелкі алынуы үшін , сол қолымызға ыңғайлы етіп алып , ал оң қолымыздағы үш саусақтың көмегімен бояу тартамыз.
|
|
Түрлі-түсті жүн
|
3
|
Ендігі кезекте түрлі-түсті жүннің көмегімен қиялымыздағы эскизді жүзеге асырамыз. Мысалы: сары түспен,қызыл түспен гүлді жасап алып орналастырамыз.
|
|
Түрлі –түсті жүн
|
4
|
Орналастырып болсақ
Үстінен тор матаны жауып сабынды сумен алақанмен сипап отырып уқалаймыз. Сабынды су жүннің бойына сіңгенше уқалау керек. Нығыздау әрі біркелкі шығу үшін кәдімгі нан жаятын оқтаумен жаямыз.
|
|
Тор мата, оқтау,сабынды су
|
5
|
Сабын сіңіп болған кезде сыртындағы тор матаны алып қоямыз. Алақанға алып шиыршықтап қысып 1-2 рет тағы да уқалауға болады.
Картинканы кептіру үшін шаш кептіретін фенді пайдаланамыз.
|
|
|
VI. Қорытынды
Топ мүшелеріне сөз
Әр топ өз жұмысын қорғайды. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру мәдени дамытуға үлес қосу деп білемін.
VІI. Үйге тапсырма
Жасаған жүмыстарымызды аяқтау. Ою өрнектерді құрастыру.
VIII. Сабақты бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |