Сабақ тақырыбы: Климаттық белдеулер Сабақ негізделген оқу мақсаттары



бет2/3
Дата08.04.2024
өлшемі190.78 Kb.
#497909
түріСабақ
1   2   3
Ашық сабақ, тақырыбы Климаттық белдеулер 8-сынып

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Осыған дейін меңгерілген білім

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады.

Сабақтың жоспары

Жоспар

Сабақ барысы :

Бағалау түрі

Басталуы
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушылар суреттер арқылы тропик, қоңыржай топтарына бөлінеді .
.«Өзіңді тексір» әдісі бойынша сұрақтарға- жауап беру
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
1) Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің түсу ұзақтығы әртүрлі?
2) Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылығы күн радиациясына қалай әсер етеді?
3) Күн радиациясының түрлері?
4) Дж күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндір?

1-топ: экватор
2-топ: тропик
3-топ: қоңыржай



Жаңа білім
10 мин

«Стикердегі диалог» әдісі. Берілген мәтінді оқып, картамен жұмыс жасайды.
Жердің климаттық белдеуі – бұл ғаламшардың ендіктер бойынша таралатын, климаты біртекті облыстары. Олардың шегарасын жыл бойы бір ауа массасының басым болуы айқындайды. Жер шарында бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылатын 13 климат белдеуі бар. Олардың 7-уі негізгі, 6-уы өтпелі. Әр белдеудің шекарасы қысқы және жазғы атмосфералық шептердің орнымен анықталады. Негізгі климат белдеулеріне экваторлық, екі тропиктік, екі қоңыржай, екі полярлық (арктикалық және антарктикалық) жатады. Олар басым ауа массалары қалыптасатын ендіктерге сәйкес аталады. Солтүстік жартышар жазда оңтүстік жартышарға қарағанда жылуды мол, қыста
аз алатындықтан, қысым белдеулері жазда солтүстікке, қыста оңтүстікке ығысады. Нәтижесінде негізгі климат белдеулерінің аралығында ауа массаларының маусымдық
ауысуы байқалатын екі субэкваторлық, екі субтропиктік, екі субполярлық (субарктикалық және субантарктикалық) өтпелі климат белдеулері қалыптасады. Мұхиттардан алыс-жақындығы, суық, жылы ағыстар, Жер бедері белдеудің
ішінде бір-бірінен айырмашылығы бар климат жағдайларын қалыптастырады. Экваторлық белдеу 5°–8°с.е. пен 4°–11°о.е. аралығындағы экваторлық ауа массалары басым аудандарда таралған. Орташа айлық температурасы +24° пен +28°С аралығында
ауытқиды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 1500–3000 мм-ден 10 000 мм-ге дейін жетеді және жыл бойы біркелкі таралады. Тропиктік белдеулер тропиктердің екі жағында солтүстік және оңтүстік жартышарлардың 20°–30° с.е. пен о.е. аралығында таралған. Жыл бойы тропиктік ауа массалары мен пассат желдері басым. Ең жылы айдың орташа температурасы +30…+35°С, ең суығы +10°С. Материктердің орталығына басым бөлігінде жауын-шашын 150–200 мм аспайтын құрлықтық, шығысына жазы ылғалды, қысы құрғақ муссондық климат тән (43-сурет). Субтропиктік белдеу 30°–40°с.е пен о.е. аралығында қыста қоңыржай, жазда тропиктік ауа массаларының әсерінен қалыптасады. Материктердің батыс бөліктерінде жазы құрғақ, ыстық +30°С, қысы жылы, ылғалды +5°…+10°С, бірақ қысқамерзімді суық түсуі мүмкін. Жауын-шашын батысында – 600–800 мм, орталығында – 300 мм, шығысында –800–1000 мм. Материктердің орталығында құрлықтық, шығыс жағалауларында жазы ыстық (+25°С), ылғалды, қысы
салқын (+8°С), муссонды климат қалыптасады. Қоңыржай белдеу солтүстік және оңтүстік жартышарлардың 40°–60° ендіктерінің аралығында поляр шеңберіне дейін созылып жатыр. Жыл бойы қоңыржай ауа массалары басым. Бірақ арктикалық және тропиктік ауа массалары да енеді. Солтүстік жартышардағы циклон әрекеттері
материктердің батысында батыс желдерінің, шығысында муссонның әсерінен жүретіндіктен қоңыржай теңіздік және муссондық, орталығында қоңыржай құрлықтық ауа массалары қалыптасады. Полярлық белдеулер (арктикалық және антарктикалық)
с олтүстік және оңтүстік полюстер маңында орналасқан. Құрлықтық климат Антарктидада, Гренландияда, Канаданың Арктика архипелагтарында таралған. Температурасы жыл бойы теріс. Мұхиттық климат Арктикада басым. Мұнда температура теріс болғанымен, поляр күнінде +2°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын –100–150 мм.

Оқулық. Кеспе мәтіндер.

Оқулық,карта, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет