Сабақ тақырыбы: Мектебім-мейірім мекені Сабақтың мақсаты



Дата31.08.2023
өлшемі68.4 Kb.
#476370
түріСабақ
тәрбие сағаты Мектебім мейірім мекені.5 сынып




Мектеп:

Ынталы ОММ

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:

1 қыркүйек 2023 жыл

Сынып: 5

Қатысушылар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мектебім-мейірім мекені

Сабақтың мақсаты:

Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;
Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білімқұмарлыққа шақыру.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

Психологиялық ахуал туғызу
Жұмбақ шешу
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Абайлаңдар, балалар,
Жолда ойнауға болмайды.
Шешуі: доп
«Допты қағып ал» әдісі бойынша допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алу, назарларын сабаққа аудару, қызығушылықтарын туғызу.


Жағдаяаттарды шешу:
1 жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ,сенің әрекетің?
2 жағдаят : Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сенің әрекетің?
3 жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті , сенің әрекетің?
4 жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты , сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды,сен не істер едің?

Жұмбақты шешеді
Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.

ҚБ
Мадақтау, қолдау

Доп




Сабақтың ортасы
20 минут

Тақырыпқа назар аударылады.
«Мектебім-мейірім мекені»
-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?
Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.
Астарлы әңгіме
Жол бойында аяңдап келе жатқан ақсақалдың алдынан бір топ жігіт шығып, əлгілердің біреуі ғана:
"Ассалаумағалейкүм, ата!" деп амандасқанда, ақсақал:
"Уағалейкүмассалам. Шырағым, неге жалғыз өзің жүрсің?"- деген екен.
-Атай неге қызық сұрақ қойды?
-Жігіттер қандай қателік жасады?
-Қатені қалай түзеуге болатыны туралы ойлан.
-Сен қандай мейірімді сөз қолдандың?
-Тағы қандай мейірімді сөздерді білесің?

« Мейірімділік нұры» жаттығуы.
Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.




Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.


Қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.





ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Смайликтер тарату

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.





Слайд

Суреттер

Стикерлер

Стикер
маркер



Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия:
«БББ» әдісі
Қорытындылау

Әр оқушы жеке кері байланыс жасайды.

Кестені толтырады



ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.



Стикерлер қалам.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет