Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы»



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі1.46 Mb.
#458125
түріСабақ
1   2   3
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді.
Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда.
№1. «Ұлылар мекені» - туған жылы, жері туралы және сол жерде туған атақты Абай, Шәкәрім туралы айтып кету
№2. «Ұлылар сабақтастығы» - Мұхтар және Абай
№3. «Зерделі зергер» - Мұхтардың оқу жылдары, зеректілігі - 20 жылдық білім алу жолы
№4. «Рухани қазына» - шығармалары жайында
№5. «Мұхтар – ғалым» - Абайтану курсы туралы мағлұмат
№6. «Мұхтар - ұстаз» - ұстаздығы, шәкірттері туралы.
№7. «Сапар соңы» - жазушының кенеттен қайтыс болуы туралы
№8. Мәңгі ғұмыр – артынан қалған аса бай әдеби мұрасы туралы ой пікірлер


Тараулар арқылы Абай жолын, Құнанбай жолын көрсету.
«Қайтқанда»
«Шытырманда»
«Бел-белесте»
«Өрде»
«Қияда»
«Биікте»
Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке шығып келе жатқан Абайды көреміз.
«Қияда»
«Өрде»
«Бел-белесте»
«Шытырманда»
«Қайтқанда»
Жоғарыдан ылдилап төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.
(Деректі фильмнен үзінді көру)
Жаңа сабақты бекіту кезеңі
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Эпопея дегеніміз не?

«Абай жолы» роман эпопеясы туралы не білеміз?
Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмашқы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды. 1- кітабы: 1942 жылы, 2- кітабы: 1947 жылы, 3- кітабы: 1952 жылы, 4- томы 1956 жылы жарыққа шықты. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып табылды.
М.Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы-әлемдік сөз өнеріне қосылған мұра.Шығармашылық ғұмырының ширек ғасырын арнаған ұлы туындысын жазушы көп ізденіс,терең зерттеу,ұзақ дайындықтан кейін жазды. Шығармада Абайдың дүниеге келуінен бастап,өмірінің соңғы сәттеріне дейін суреттеледі.Роман-эпопея Абай жайлы болғанымен,ол бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолын сипаттайды.Бұл шығарма қазіргі уақытта әлемнің жүзден астам тілдеріне аударылған.Бұл шығарманы оқыған кез-келген оқырман сол кездегі казақ халқының өмірі,тарихы,салт-дәстүрімен танысады. Төрт томдық эпопеясының әр тарауы Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.Жас Абай,ақын Абай,аға Абай,дана Абай.Міне,Абай образы осылай күрделене түседі. Романның тілі аса бай. “Абай жолы” роман-эпопеясы-қазақ әдебиетінің ғана емес,әлемді әдебиеттің де үздік туындысы.
2. Ұлжан бақытты әйел ме?


3. ҚҰНАНБАЙДЫҢ АБАЙҒА БЕРГЕН МІНІ ЖƏНЕ АБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ

Сол заманда абай жиырма үш жас мөлшерінде Семейге білім іздеп жолға шығар жолында шешеші Ұлжан, екі ауыл құдалығы себепті мамай руының үлкен байы Тойғұлының үйіне бара кетуді тапсырады. Шешенің тапсыруын жөн көріп, Абай өз досы Ерболды ертіп Тойғұлы ауылына барады. Ондағы ел-жұртпен аман-сәлем сұрасып болып, үлкендермен әңгімеде болады. Сонда Абай өз әкесі Құнанбайды сөзбен жеңіп алады. Шыдамай қалған Құнанбай тоқтат деп күш салып ақырып, басып қояды да, Абай қалаға аттанбақ болғанда артынан үйден ілесе шығып Абайды айырым шақырып, төбешікке шығып мынадай үш мін айтады.

— Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың, өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің, көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жайлайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа, досша, қасқа қасша қырың жоқ, ішінде жатқан сыр ұшығы жоқ, жұрт бастайтын адам ондай болмайды, басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! -дейді.

Сонда Абайдың әкесі Құнанбайға жауабы:

— Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсызға, кәрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «Айт» десе өргізіп, «Шайт» десе жусататын болған. Бертін келе ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «Шөк» десең аңырып барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе соны көруге шыдаған, жанын аямаған. Қар төсеніп, мұз жастанған. Етегін төсек, жанын жастық қылған бақташы ғана баға алады. Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар кісі ғана бағады. . . Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзің үшін де дүниенің ең асылы білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас. . . Деп сөзін аяқтайды. (М.Əуезов)
Осы сөздерден Абайды әке баласы емес адам баласы екенін көріп алуға әбден болады. Оның билік мәнсәпті елең көрмей халықтың жанашыры болуды асыл санайтын асыл қасиетін көруге болады. Әке мен баланың сөзінде аз нәрсе тұрған жоқ. Көне мен жаңа, ата мен халық, дос пен қас, ер мен ел сөз болып отыр... 







І топқа
1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? 
А) 1900-1973 
Ә) 1897-1961 
Б) 1895-1960 
В) 1894-1959 
2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? 
А) Немере ағасы Қасымбектің 
Ә) Әкесі Омарханның 
Б) Нағашыларының 
В) Атасы Әуездің 
3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді? 
А) жиырмадан енді асқан 
Ә) жиырмада 
Б) Отызда 
В) он сегізде 
4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. 
А) «Бақыт жолына» 
Ә) «Бәйбіше-тоқал» 
Б) «Ш.Уәлиханов» 
В) «Ант» 
5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. 
А) Майбасар 
Ә) Тәкежан 
Б) Ызғұтты 
В) Ербол 

6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз. 


А) «Мәдениет һәм ұлты» 
Ә) Философия жайынан» 
Б) Адамдық негізі-әйел» 
В) Оқу ісі 
Жауабы: 1-ә, 2-а,3-а, 4-ә,5-б,6-б

ІІ топқа
1.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. 


А) Б.Матип 
Ә) К.Федин 
Б) Бельгер 
В) Л.Арагон 
2.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз. 
А) «Қаракөз» 
Ә) «Абай жолы» 
Б) «Еңлік-Кебек» 
В) «Жетім» 
3.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз. 
А) Зере 
Ә) Айғыз 
Б) Ұлжан 
В) Күңке 
4. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз. 
А) Табанды , қырсық адам 
Ә) Сыр бермес 
Б) Жалтақ адам 
В) Сұм адам 
5.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз. 
А) «Абай жолы» 
Ә) «Қилы заман» 
Б) «Қаракөз» 
В) «Еңлік-Кебек» 
6.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді? 
А) 1922 
Ә) 1928 
Б) 1924 
В) 1926 

1-а,2-в,3-ә,4-б, 5-в, 6-ә

ІІІ топқа
1«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім? 
А) Рабиға 
Ә) Ғазиза 
Б) Жәмила 
В) Қадиша 
2М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз. 
А) Кәмшат 
Ә) Айгүл 
Б) Мағыш 
В) Салиха 
3.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. 
А) «Қилы заман» 
Ә) «Қаралы сұлу» 
Б) «Қараш-қараш оқиғасы» 
В) «Оқыған азамат» 
4. «Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз. 
А) Бөжей 
Ә) Байдалы 
Б) Қодар 
В) Қаратай 
5.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты? 
А) Абай жолы» ІІ кітап 
Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап 
Б) «Дос-бедел-дос» 
В) «Абай жолы» І кітабы 
6.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз. 
А) Азамат 
Ә) ақын 
Б) Ел қамқоры 
В) Азамат-ақын 

Жауабы:, 1-ә, 2-а, 3-б, 4-а, 5-а,6-а










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет