router ospf {ID-процестік}
network {IP-адресі} {терістелген маска} area {ID-аймақтық},
мұнда: ID-процестік – ID-процестің, 1-ден 65535-ке дейінгі диапазонындағы бүтін сан; ID-аймақтық – аймақтық ID, 0-ден 4294967295-ке дейінгі диапазонындағы бүтін сан.
Мысалы:
Router#configure terminal
Enter configuration commands, one per line. End with CTRL/Z.
Router(config)#router ospf 1
Router(config-router)#network 172.16.10.0 0.0.0.255 area 20
Router(config-router)#network 10.1.2.0 0.0.0.255 area 20
OSPF жұмысын және конфигурациясының дұрыстығын тексеру келесі командалармен жүзеге асырылады:
show ip ospf – OSPF жұмысы туралы жалпы ақпаратты береді: SPF алгоритмінің орындалу саны және сәлемдесу дестелері қаншалықты жиі беретінін анықтайтын жаңаландыру таймерінің мәні.
show ip ospf interface аймақтар мен интерфейстердің сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ таймер мәнін шығарады және сәлемдесудің дестесін тарату интервалын шығарады.
show ip ospf border-routers автономды жүйенің және аймақтың шектік маршрутизаторына қатысты маршрутизация кестелеріндегі жазбаны қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, команда берілген маршрутизатордың аймақтың ішінде орналасқанын немесе әртүрлі аймақтарды қосатыны жайлы ақпаратты шығарады.
Бақылау сұрақтары:
VLAN-ды бірнеше коммутаторда тұрғызуға болады ма? Оны қалай істеуге болады?
Кадрдың идентификаторының (tag) қызметі? Ол қайда орналасқан?
Транк дегеніміз не? Коммутатор мен маршрутизаторда ол қалай жасалады?
Интерфейске VLAN-дв тағайындау үшін қандай командалар қолданылады?
Транктық қосылуларды жасау үшін қандай командалар қолданылады?
VLAN верификациясы үшін қандай командалар қолданылады?
6.Білімгердің өз бетімен жұмыс істеуі
7.Білімгерлердің тапсырмаға қатысты сұрақтары туып жатса немесе қиыншылықтары болса оқытушы нұсқау береді.
8. Білімгерлердің сұрақтарына жауап беру
9. Сабақ барысында білімгерлердің түсінбеген сұрақтарына жауап беру
10.Жұмыстарын қабылдау,бағалау.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |