Автор / Туындысы
|
Туындыда көтерілген мәселелер
|
С.Сейфуллин
«Тар жол, тайғақ кешу»
|
Шығарма 1916-1919 жж тарихи оқиғаларды суреттеген. Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоймай, әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.
|
Б. Майлин
«Күлпаш»
|
Ашаршылық жылдарындағы нәубетті суреттейді. Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында қазақ шаруалары төрт - түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады.
|
М. Әуезов
«Қараш-қараш оқиғасы»
|
Ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл повесте зорлықшыл байлар - Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады.
|
С.Мұқанов
«Ботагөз»
|
Қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді бейнелеген шығарма. Қазақ халқының хал жайы Ресейдегі оқиғалармен байланыстырыла айтылады: Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар, XX ғ.б. Столыпин реакциясы, патшалық Ресейдің бірінші дүние жүзілік соғысқа араласуы.
|
Ғ. Мүсірепов
«Қазақ солдаты»
|
Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген. Романда Халықтардың бауырмалдық достығы көрсетілді. Жауынгерлердің ерлігі, патриоттық сезімі сипатталды. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.
|