Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы Қазақстан тарихы



бет14/54
Дата20.06.2024
өлшемі3.62 Mb.
#502719
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сабаққа кіріспе. 1-тапсырма. Терминдермен жұмыс. Білім алушыларға терминдердің анықтамасын беріп, оларды ықшамдауға тапсырма беріңіз. Алдымен бес сөзбен, сосын үш сөзбен, одан кейін бір сөзбен мағынасын ашуы тиіс.
Оқытушының кері байланысы.
Зерттеу және талдау
Білім алушыларға кез-келген этностың қалыптасуы белгілі бір даму үдерісінен өтетіні, шарықтау және күйзеліс кезеңдерін бастан кешіретіні туралы түсінік қалыптастыру. Этностың өмірлік циклін ұсыну:
1. территорияны анықтау;
2.территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
3.белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
4. этностың күшейе бастауы;
5. этностың шарықтау кезеңі;
6. этнос дамуының бәсеңденуі;
7. тұрақтылық.
Топтарға ортақ сұрақ қойылады. Этностың негізгі белгілері қандай?
Білімгерлердің жауаптарынан соң төмендегі этностық белгілерді ұсыну:

  • Этностың атауының қалыптасуы;

  • Аумақтық орналасуы, мекендеген аумағының қалыптасуы;

  • Этникалық сана, өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

  • Ортақ тілдің қалыптасуы;

  • Нәсілдік белгілердің ұқсастығы, өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

  • Ортақ мәдениет, өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы.

Мәтінмен жұмыс.
Білім алушыларға мәтін таратылады. Олар жұпта қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін зерттейді.
2-тапсырма. Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар, түрік дәуірінің халқы мен XIV-XV ғғ. аралығындағы ру-тайпалардың арасында байланысты анықтап,олардың антропологиялық ерекшеліктерін салыстыр және қорытынды жаса.



Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері

Антропологиялық сипаты

Мәдениеті, тілі

Аумағы, саяси құрылымы





























































Қорытынды




Дескрипторы:
1.Әр кезеңдегі тайпаларды атайды;
2.Әр тайпаға тән шаруашылығын, тілін, дінін атайды;
3. Әр тайпаның нәсілдік белгілерін атайды;
4.Әр тайпаның мекендеген аумағы мен мемлекеттерін атайды;
5.Әр кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері мен өзара байланысы туралы қорытынды жасайды
6. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады.
Білім алушылар жауаптарын жұпта талқылайды. Бір жұп топ алдында қорғайды. Қалған жұптар толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет