5. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) білімгерлермен сәлемдесу
Б) Білімгерлерді түгендеу
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
1.Наурызда орын алатын табиғи құбылыс қандай? /Күн мен түннің теңелуі/
2. Ұлттық мерекелердің ішіндегі ең басты мейрам: /Наурыз/
3. ХІХ ғасырда Орталық және Шығыс Қазақстанда қандай мектеп қалыптасты? /Ән мектебі/
4. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарында домбырада орындалатын күй дамыды /Дәулеткерей, Қ.Сағырбайұлы, Т.Қазанғапұлы, Д.Нұрпейісова/
5. Наурыз көже неше дәмнен тұрады? /7ет, тұз, су, айран, тары, бидай, май/
6. Әскери магия мен ата-бабаларға табыну ғұрыптарымен байланысты қандай жанрлар пайда болды? /жыр жанры/
7. Қазақ музыкасы ғұрыптық және эпикалық жанрлардан бөлек, сазгерлер мен орындаушылардың шығармашылығы дами бастады: /ХІХ ғасырда/
8. Алғашқы күйді шығарушы, атақты күйшісі: /Қорқыт/
9. "Сакральді Қазақстан" жобасы қашан жасалды? /2017 жылы мамыр айында/
10. Сакральді нысанның төртінші тобына кіретін тарихи және мәдени ірі тұлғаларды көрсет: /Абылай хан, Есім хан, А.Байтұрсынұлы/
11. Сакральді нысандардың үшінші тобына қандай орындар жатады?
/тауап ету, табыну нысандары/
12. Жалпыұлттық маңызы бар тізімге неше нысан енгізілген:/100/
13. 2017 жылы сәуірде Қ.Р. президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында нені ұлттың басты міндеттерінің бірі деп атады:/рухани қайта өрлеу/
14. Өз үлгісі бойыншы қасиетті орындар нешеге бөлінеді: /4/
15. АЛЖИР мемориалдық кешен кімдер құрметіне салынды:/саяси құғын-сүргін құрбандарына/
ІІІ.Жаңа сабақ.
Білімгерлердің назарын сабаққа аудары
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Зерттеу сұрақтары:
Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері неде болды?
Кеңестік Қазақстанда мәдениет саласында қандай жетістіктер мен қайшылықтары болды?
Сабақты келесі сұрақтарды талқылаудан бастаңыз: Мәдениетке идеология әсер етеді ме? Кеңестік идеология мәдениетте қалай көрініс тапты? Неліктен кеңестік кезеңде білім мен ғылым, өнер салалары қарқынды дамыды? Қалай?
Білімгерлерге оқытушының өзі социалистік реализм туралы түсіндіреді.
(Т) Оқушылар мәтінмен танысып, қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтайды. Қалыптастырушы бағалаудың 1 тапсырмасын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |