Сабақ тақырыбы Модуль/пән атауы: Компьютерлік техниканы ақпараттық қамтамасыз ету


Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама



бет2/2
Дата07.11.2023
өлшемі23.28 Kb.
#482555
түріСабақ
1   2
Вирусқа қарсы бағдарламалар

Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама - вирусқа қарсы бағдарламалар электронды поштада және компьютердегі басқа файлдарда вирустар, «құрттар», «трояндық аттар» бар-жоғын тексереді. Вирус, «құрт» немесе «трояндық ат» табылған жағдайда, вирусқа қарсы бағдарлама вирус компьютерге және файлдарға зиянын тигізбей тұрғанда, оны карантинге қояды немесе түгелдей жояды.
Интернетте қызықты жерлер мен пайдалы дерек көп, алайда қауіп-қатерлер де жетерлік. Компьютер электронды пошта арқылы немесе уеб-тораптан қотарылған бағдарламамен бірге келген компьютерлік вирустан зақымдалуы мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалардың болмауы вирустардың басқа компьютерлерге таралуына мүмкіндік жасайды.
Көптеген вирусқа қарсы бағдарламалар өздіктік түрде жаңартылу жетесімен жабдықталған. Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама жаңартылған кезде жаңа вирустар туралы мәлімет вирустарды тексеру тізіміне үстеледі де, бұл компьютердің жаңа шабуылдан қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер вирусқа қарсы бағдарлама өздіктік түрде жаңартылмайтын болса, жаңа вирустар күн сайын пайда болып отыратындықтан, жаңартуды үнемі қолдан жасап отыруға кеңес беріледі. Егер Сіз қолданатын вирусқа қарсы бағдарлама жазылуды қажет етсе, жаңартуларды жүйелі түрде алып тұру үшін жазылымды белсенді күйде үзбей сақтауға кеңес беріледі. Егер вирустар тізімі ескірген болса, компьютер жаңа қатерге осал болады.
Көптеген ірі компьютер өндірушілер компьютерлерді вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманың ең болмағанда сынақтама нұсқасымен жабдықтайды. Алайда, вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманың компьютерде болуы оны белсенді екеніне және жүйелі түрде жаңартылып отыратынына кепіл болмайды.
Вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамалар орындалу әрекетіне қарай екіге бөлінеді:

  • бағдарламалық жасақтамадағы;

  • бағдарламалық-техникалық құралдардағы.

Вирустардан қорғау түрі (әдісі) бойынша бөлінеді

  • Анықтау бағдарламалары немесе сканерлер. Вирустарды жедел жадта, ішкі және (немесе) сыртқы медиада іздейді, вирус анықталған кезде хабарлама көрсетеді; Емдеуші бағдарламалары. Вирустанған файлдарды тауып, оларды «емдейді». Осы типтегі бағдарламалар арасында әр түрлі вирустарды жоюға қабілетті полифагтар(әр-түрлі вирустар) бар, олардың ішіндегі ең танымал полифагтар Norton AntiVirus, Doctor Web, Kaspersky Antivirus;

  • Вакцина бағдарламалары. Вирустардың әрекетін тосқауылдау арқылы жүйені (файлдарды, каталогтарды) иммунизациялайды;

  • Аудиторлық бағдарламалар. Вирустардан қорғау тұрғысынан ең сенімді болып табылады. Инспекторлар бағдарламалардың, каталогтардың және дискінің жүйелік аймақтарының бастапқы күйін, яғни компьютер вирус жұқтырғанға дейінгі күйін, есте сақтайды, содан кейін дисплейде табылған өзгерістерді көрсете отырып, ағымдағы күйді бастапқы күймен салыстырады;

  • Монитор бағдарламалары өз жұмысын операциялық жүйе іске қосылған кезде бастайды, компьютердің жадында болады және файлдарды автоматты түрде дәл сол уақытта, сол жерде тексереді.

  • Сүзгілер (күзетшілер) вирусты көбейе бастағанға дейін бастапқы сатысында анықтайды. Күзетшілер - вирустарға тән әрекеттерді анықтау болып табылатын шағын резиденттік бағдарламалар.

Вирус – бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай - ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың таралу жолдары:
- Дискеттер;
- Лазерлік
- Компьютерлік желілер
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады.
Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:
- компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;
- компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;
- жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;
- компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;
- қосымшалар қателермен жұмыс істейді;
- дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;
- басып шығару қателермен жүреді;
- қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;
- мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.
Ақпаратты вирустан қорғаудың 2 турі бар. 1. Информацияның көшірмесін алып отыру файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау. 2. Керекті ақпаратты басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою, ол ақпаратты рұқсатсыз яғни санкциясыз көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программаларды қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді. Сондай ақ вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдану керек. Мұндай программаларды бірнеше турге бөлуге болады, детекторлар, докторлар немесе фаг программалар, ревизорлар яғни файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар, доктор - ревизорлар, сүзгі - программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар). Доктор программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді. Сүзгі программалар компьютердің жедел жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырсақ, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады
1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау
2. Сырттан келген ақпараттарды мұқият тексеруден өткізу
3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.
4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру
Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.
Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) — компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай - ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.
Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr. Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т. б.
Касперский Антивирусы (AVP) – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады. Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар - жоғын тексеруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет