Сабақ басы
Өткен сабақтағы білімдерін қайта жаңғырту.
4 мин
3 мин
5 мин
|
І) Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларға жағымды психологиялық жағдай қалыптастыру.
ІІ) Белсенді оқу әдісі «Конверт».
Саралау тәсілі: «диалог және қолдау көрсету» бойынша оқушыларға өтілген материалдар бойынша сұрақтар қойылады.
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау
1 . Көпмүше дегеніміз не?
2. Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
3. Көпмүшелерді қалай қосамыз?
4. Бірмүшені көпмүшеге қалай қосамыз?
5. Бір көпмүшеден екінші көпмүшені азайту дегеніміз не?
6. Қөпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
7. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
8. Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктейміз?
М.Оқушылардың жауаптарын бақылау
Қ.Б: Өзара бағалау. Көмек. Ынталандыру.
Топқа бөлу.
Белсенді оқу әдісі: «Геометриялық фигура»
Саралау тәсілі: жіктеу
І топ. Екі дәрежелі
ІІ топ Үш дәрежелі
ІІІ топ Төрт дәрежелі
Проблемалық сұрақ қою.
Ұ. Тапсырма: а=2,1; b=11,3; c=4,2 және d=5,5 болғандағы, ab + ac - ad өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептеңіз.
М. Ол үшін не істейміз? Берілген әріптердің мәндерін бірден қойып есептемей, өрнекті түрлендіріп есептеген тиімді.
Шешуі: ab + ac – ad = a(b + c – d)= 2,1∙(11,3+4,2 – 5,5)=2,1∙10=21
Қандай тепе-тең түрлендіру жасалды?
|