Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет12/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Пікірсайыс тақырыптарын дайындап келу.



Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа




Бекітемін:________________



Уақыты:


17.11.2022

«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:2

Сабақ тақырыбы

Пікірсайыс арқылы шешендік өнерді дамыту.

Жалпы мақсат

Оқушылардың бойында пікірсайыс арқылы шешендік өнерді дамыту маңыдылығын түсіндіу. Пікірсайыс ойынын ұйымдастыру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Газет, журналдар.

Жаңа тақырып

Пікірсайыс - ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірсайыс - ғылыми жұмыс­ты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірсайыс барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірсайыс әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады. Пікірсайыс әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте оқушының, пікір-пайымын дұрыс жеткізумен қатар, оның өз көзқарас-тұжырымдарын дәлелдей алуы - өте маңызды ритрикалық дағды. Осы тұрғыдан алғанда, оқушыны пікірталасқа қатысуға үйрету үдерісі көптеген аспектіден тұратын күрделі құбылыс. Оның: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, этникалық, яғни тәрбиелік секілді құрамдас бөліктері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда, пікірталасты сөйлеу әрекеті деп қарауға болады, себебі пікірталас дегеніміз - бұл ең алдымен, сөйлеу, өз ойыңды өзгеге жеткі­зу, дәлелдеу.Ал, пікір деген - қарапайым тілмен айтқанда, көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Мұғалімнің әрбір сабақта пікірталас ұйымдастыруы - оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Себебі, оқушы пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас оқушылар өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды. Пікірталас кезінде оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреу­дің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.
Пікірсайысшыда болуға тиісті қасиеттердің негізгілері: харизмалық қасиет, яғни шешендік, импровизаторлық қасиет, яғни кез келген жағдайдан сүрінбей өту, дер кезінде шешім шығара білу, риторикалық қасиет, яғни сұрақты жүйелі қоя білу, эмоциялық қасиет, яғни өз эмоциясын басқара алу. Ең бастысы, мықты пікірсайысшыға логика мен білім қажет екені белгілі. Пікірсайыс кезін­де дауыстың тембрі де белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратынын да оқушы білуі тиіс.
Коммуникативтік ойындарды үш түрге бөліп қарастырамыз. Олар:коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар; коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар; коммуникативтік ойындық тапсырмалар.
Пікірталас - жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. "Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік" - деп ұлы шешен-ділмар М.Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі - үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту - кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық.
Топтық пікірталас әдісі. Мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсыбір даулы мәселе бірігіп талқыланады. Топтық пікірталастың психологиялық құндылығы оның кері байланысқа құрылуы мен жетекшінің шеберлігі арқасында оған қатысушы әрбір адамның бір мәселенің өзін бірнеше түрлі жолмен шешуге болатынын түсінуіне мүмкіндік беруінен көрінеді. Өйткені, әр адамның өмірде кездесетін түрлі қақтығысты жағдайларды қабылдауы мен оны шешуде сан түрлі көзқарастарды ұстанатыны анық, ал, оны білу, тану, студенттің барлық мәселеге ой көзімен қарап, түрлі нұсқалардың ішінен ең ұтымдысын таңдауы қажеттігін түйсінуіне әкеледі.
Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады:
" топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер (тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті - талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақ­ты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады.
" топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас). Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс.
Әдетте топтық пікірталастардың бірнеше сатылары болатыны белгілі, оның жалпы реті төмендегідей болып келеді:
1. Бағдарлау. Бұл кезеңде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Керісінше болған жағдайда ондай әңгімені қозғаудың өзі мәнсіз.
2. Ақпараттарды жинау. Бұл кезеңде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қай-қайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн. Мұндайда сыни көзқарастардың (яғни "миға шабуыл" әдісін қолдану арқылы) өрістетуіне де шеек қойылмауы тиіс, сонда ғана ол өз мақсатына жақындай түспек.
3. Талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады.
4. Пікірталастың аяқталуы: қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру. Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі.
Кейде топтық пікірталаспен қатар "кейс әдісі" де қоса жүреді. Өйткені кейсте де нақты бір мәселеге топтық талдау жасалады. Олай болса, оқушылар үшін аса бір өзекті мәселе талқыланған тұста бұл әдіс тақырыптық топтық пікірталастың бір түрі деп саналады да, сол нақты мәселенің тақырыбы анықталады. Егер топтық пікірталастың тақырыбын және оны ұйымдастырудың ретін жүргізуші өзі белгілейтін болса, онда пікірталас құрылымы бірізді жүреді; ал егер пікірталастың тақырыбы қатысушыларының өзінің таңдауы арқылы алынатын болса, онда пікірталастың жүргізілу реті де еркін болады, жүргізуші пікірталасқа қатысушы деңгейінде ғана араласып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет