Сабақ тақырыбы Риторика туралы жалпы мағлұмат. Жалпы мақсат


Бекіту Үйге тапсырма беру



бет8/27
Дата31.03.2023
өлшемі166.51 Kb.
#471500
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
1 топ-поурочный план

Бекіту


Үйге тапсырма беру

Сұрақ-жауап.

Әл Фараби туралы ақпарат жинау.



Үйірме жетекшісі: А.А.Балғожа




Бекітемін:________________



Уақыты:


25.10.2022
28.10.2022
31.10.2022

«Тарихи риторика» үйірмесі

Тобы:1,3

Сабақ тақырыбы

Қазақтың атақты билері және олардың мұрасы: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Жалпы мақсат

Оқушыларға қазақтың Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билері туралы мағлұмат беру, олардың шешендік сөздері мен дау-дамайды шешеудегі парасаттылықтарын ұғындыру.

Сабақ типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Бидің портреттері, даналық сөздер жинағы.

Жаңа тақырып

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
өле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

Елдің Қазығұрт тауының бөктеріне көшіп-қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіпті. Біреуі:


- Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып бермейді. Екіншісі:
- Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі.
Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып далада "айт, шулеп" ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң бала:
- Түлкі арлан болса, сенікі, - дейді, "қырдан қуып келіп індеттім" деген жігітке.
- Ұрғашы болса сенікі, - дейді "жер менікі" деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді.
- Балаңыздың сөзіне түсінбедік...
- Тәлежан төресін дұрыс берген екен, - дейді Әлібек би. - Түлкінің ұланын тұз сақтайды, ұрғашысын ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан куып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді.
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
- Балам, бұл қай ауылдың малы?
- Әлібек бидің.
- Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?
- Ол Жыланкөз байдікі.
- Е, е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
- Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын, - дейді Төле бала.
Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны көреді. Жылқының көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды. Сонда жолсерік бала:
- Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз бе? - деп сұрайды. Оған Қоңқа би:
- Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы, - дейді.
- Нысапсыз деген қандай бай?
- Балам, айтайын: нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген. Бұл нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.
Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған қалың егіннің үстінен түседі.
- Ойпырым-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз жауын алып, жайқала өсіп тұр ғой, - дейді бала.
- Ә, шырағым, бұл егін қайырсыз деген байдың егіні.
- Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата?
- О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай калған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда, қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі осы. Түсініп ал, балам.
- Түсіндім, ата.
Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.
- О, балам, - дейді Қоңқа би, - анау жиналған топ адам кімдер? Көзің жетік қой, қарашы? - дейді.
Бала қарайды:
- Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан көрінеді.
- Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен? Соны сұрағын.
Бала шабады да кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.
- Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?
Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:
- Не деп былшылдайды мынау? - Екінші бірі келіп, баланы қамшымен басына салып жібереді.
- Иттің баласы, не оттап тұрсың?
Бозбалалардың екеу-үшеуі оған жабыла кетіп еді, араларындағы бір қария кісі:
- Тоқтаңдар, - дейді айқайлап: - Әуелі жөн сұрайық. Қайдан келе жатқан бала екен, білелік. Кәне, балам, сен не дедің? - дейді.
- Көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба? - дедім.
- Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа біреу айтқызды ма саған?
- Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол кісі:
- Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба екен, барып біліп келші? - деп жұмсады.
- Апырым-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Қой, баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны біреуің барып шақырып келіңдер.
Екі жігіт қарияға барып сәлем береді.
- Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны қойып жатыр едік, ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз. Қоңқа би:
- Ә, ондай болса жарайды, - деп атының басын бұрып, әлгілерге барады. Өлікті қойып болған соң көпшілік:
- Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді де бізден:
- Қойып жатқан өліктеріңіз өлген адам ба, болмаса тірі адам ба? - деді. Соны көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол көтерді. Баладан мұны қалай сұрадың, өзің бе, жоқ саған біреу үйретті ме? - деп едік, "ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра деп жұмсады" - деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп сұрады.
- Сізден сұрайтынымыз, мұны қалай айттыңыз? Бұл өлі адам ба, жоқ тірі адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндіріңіз?
- Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім, артында өзіндей болатын бала-шағасы бар ма, ас-су беретін мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі адам ба дегенім, өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса, ас-суын беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шын өлік, шырақтарым. Осының қайсысы білгім келіп еді. Бұл өлік осының қайсысы?
- Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар дәулетті кісі. Қоңқа ақсақал құран оқып, бата қылады. Көпшілік:
- Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар, - деп өтінеді.
- Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын, - деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып бала тағы да:
- Ата, түздің адамымын? - дегеніңіз қалай? - деп сұрайды.
- Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атың кім?
- Атым - Төле.
- Төле қарағым, түздің адамымын дегенім - көпшіліктің халықтың адамымын дегенім...
- Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді сенің де өмірің түзде өтсін, түздің адамы бол, балам, - деп бетін сипайды қарт. Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты үнемі құрметтеп еске алып, өзіне ұстаз тұтқан екен.
Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін; Батыр болып жауға найзаң тимесе,- Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Елден бөтен үйің күйсін!
Бай болып елге пайдаң тимесе, Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:
- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет