|
|
бет | 7/8 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 36.1 Kb. | | #487576 | түрі | Сабақ |
| Ашық сабақ, "Ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері", 8-сыныпІІІ. «Квадраттың қабырғалары»
Бір қабырғасы 7,5 см-ге тең квадраттың периметрін есепеңдер.
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- шаршының анықтамасын біледі;
- квадраттың периметрін табады.
ІІІ. «Квадраттың қабырғалары»
Квадраттың периметрі 3,2 см. Қабырғасын табыңдар
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- квадраттың периметрінің формуласын қолданады;
- квадраттың қабырғасын табады.
ІІІ. «Квадраттың қабырғалары»
Әрбір катеті 4 дм болатын теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрышқа бір бұрышы ортақ квадрат іштей сызылған. Квадраттың периметрін табыңдар.
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- квадраттың периметрін табады.
IV. «Төртбұрыштардың периметрі»
Ромбының қабырғасы 6,5 дм. Периметрін есептеңдер.
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- ромбтың периметрінің формуласын қолданады;
- ромбтың периметрін табады.
IV. «Төртбұрыштардың периметрі»
Тіктөртбұрыштыңиқабырғалары 8,5 см және 4,5 см. Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең?
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- тіктөртбұрыштың периметрінің формуласын қолданады;
- тіктөртбұрыштың периметрін табады.
IV. «Төртбұрыштардың периметрі»
Қабырғалары 11,5 м және 7 м болатын параллелограмның периметрі қандай?
Дескриптор: Білім алушы
- сызбасын салады;
- параллелограмның периметрінің формуласын қолданады;
- параллелограмның периметрін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|