Сабақ тақырыбы: Сымсыз желі стандарттары Модуль /пән атауы: км4 Белсенді құрылғыларға техникалық қызмет көрсету


WLAN желілерін LAN желісімен салыстыру



бет4/5
Дата05.11.2023
өлшемі28.21 Kb.
#482393
түріСабақ
1   2   3   4   5
План 130 - 5 сабак 12.09.23

WLAN желілерін LAN желісімен салыстыру
WLAN желілерінің пайда болуы жергілікті Ethernet желілеріне ұқсас. IEEE 802 LAN/MAN иерархиялық желілердің архитектура стандарттарының портфелін таңдады. Оның негізгі екі жұмыс тобы 802: 802.3 Ethernet және 802.11 WLAN болып табылады. Дегенмен, бұл екі топ арасында елеулі өзгешеліктер бар.
WLAN желісінің деректерін тарату арнасының деңгейі физикалық деңгейде және МАС-деңгейішілік деңгейінде кабельдердің орнына ражиожиілікті қолданады. Кабельдер мен радиожиіліктер арасында келесі ерекшеліктер байқалады:

  • Радиожиіліктерде қоршаммен қорғалған кабельдерге қарағанда мұндай шектеулері жоқ. Сондықтан деректер кадрлары радиожиілікті сигналды қабылдай алатындардың бәріне оған қатынауды ұсыну мақсатында радиожиілікті арналар бойынша таратылуы мүмкін.

  • Кабель экрандаушы қоршаммен қорғалған уақытта радиожиіліктер сыртқы сигналдардан қорғалмаған. Радиожиіліктер бір географиялық сала шегінде бір біріне тәуелсіз жұмыс істейді, бірақ бір және сол немесе соған ұқсас жиілікте жұмыс істеу барысында бөгеуілдер болуы мүмкін.

  • Радиожиіліктерді тарату кез келген толқынды технологиялардың, мысалы радионың, өзіне тән сол проблемаларымен байланысты. Мысалы, радио сигналды көздерінен ажыратқанда радио стансалар бір біріне қондырылады, ол статистикалық кедергі деңгейін арттырады. Соңында сигнал толық жоғалады. LAN сымды желілерінде сәйкесті ұзын, сигналдың тиісті қуатын қамтамасыз ететін кабельдер пайдаланылады.

  • Әр елде радиожиілікті жолақтар әртүрлі құрылады. WLAN желісін пайдаланғанда LAN сымды желілеріне қолданылмайтын қосымша ережелер мен стандарттар жинағы әрекет етеді.

Сондай-ақ LAN сымды желісінен WLAN желісінің ерекшеліктері :

  • WLAN желілері сымсыз қатынау нүктесі немесе сымсыз маршрутизатор арқылы клиенттерге қосу үшін қызмет етеді, бірақ Ethernet коммутаторы арқылы қосылмайды.

  • WLAN желілері разеткаға қосылған жеке желілердің құрылғыларынан ерекшелігі көбіне жедел құрылымдарға қосу үшін аккумулятормен жұмыс істейді. Сымсыз желі адаптерлерін пайдалану аккумулятордың жедел құрылғысының жұмы уақытын қысқартады.

  • WLAN желілері РЖ-тасушыларына (жиілікті жолақтарда) қатынауда бәсекелес тораптарды қолдайды. 802.11 стандарты деректерді тарату ортасына қатынау үшін (CSMA/CD) қақтығыстарын табу технологияларының орнына (CSMA/CA) қақтығыстарды болдырмау технологияларын пайдалануды уәждейді. Бұл қақтығыстарды осы немесе басқа орта шектерінде тиімді болдырмауға мүмкіндік жасайды.

  • Ethernet сымсыз дербес желілерінде және сымды дербес желілерінде кадрлардың әртүрлі форматтары пайдаланылады. Сымсыз дербес желілер үшін 2-деңгейдегі кадрдың басына қосымша ақпаратты қосу қажет.

  • WLAN желілеріне қатынаста құпиялықпен байланысты үлкен проблемалар туындайды, себебі радиожиіліктер нысанның шегінен тыс шығуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет