Сабақ тақырыбы Тақырып Балғабек Қыдырбекұлы танымал жазушы Модуль/пән атауы Қазақ әдебиеті



бет2/2
Дата28.11.2023
өлшемі36.8 Kb.
#484706
түріСабақ
1   2
№ 2 САБАҚ ЖОСПАРЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурста

1







Кезең (сабақтың түріне байланысты )

А.А+ / 90-100 балл
-тілдің, әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді; 
-түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.
-ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді; 
«В», «В+», «B -», «С+» - 70-89 балл
-тілдің, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды біледі;
-шығарманың түрлері мен жанрларын біледі; 
-көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;
- өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;
«С», «С-», «Д+» , «Д» -50-69 балл
-Ақын-жазушылардың өмірбаянын біледі
-әдебиеттің даму кезеңдерін біледі
-шығармалардың мазмұнын біледі;




Ұйымдастырушылық

Қызығушылықты ояту кезеңі.
«Венн диаграммасы» әдісі. Студенттер шығарма кейіпкер тміржолшы мамандығын ұстаз мамандығымен салыстырады.
салыстырыңыз.

Айырмашылығы
Теміржолшы

Ұқсастығы

Айырмашылығы
Ұстаз














Үй тапсырмасын тексеру.

Кәсіпкерлік-жауапты іс -ой толғау




Жаңа білімді меңгеру

Балғабек Қыдырбекұлы (15.4.1929, Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылы — 25.6.1995, Алматы) — журналист, жазушы.

ҚазМУ-ді бітірген (1950). Қазіргі “Егемен Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған (1960 — 73). 1983 — 1987 жылдары осы газеттің бас редакторы. Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы болды. Алғашқы фельетондар жинағы “Ешкімге айтпа” деген атпен 1962 жылы жарық көрген. “Шайтанның шатағы” (1966), “Қара сандық” (1969), “Маздаған шырақ” (1971), “Ұрының еншісі” (1972), “Ақпа құлақ” (1978), “Алатау” (1—2 кітап, 1986, 1991), “Ақымақтың миы” (1993), “Түгел сөздің түбі бір” (1993), “Қым-қиғаш жылдар” (1993), “Қайран Ораз” (1999), т.б. кітаптары жарық көрген. Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында халық тарихын, ірі тұлғалар бейнесін сомдаған. Қазыбек бек Тауасарұлының жазбалары деп саналатын қолжазбаны (“Түп тұқияннан өзіме дейін”) тауып, кітап етіп шығарды. Қаз КСР Жоғ. Кеңесінің екі мәрте (1983, 1990) депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.


Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» әңгімесінен үзінді


«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.
— Қара бұқасы болады дейді.
— Оның жаны бар ма?
— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?
— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.
— Ол қайда барады екен?
— Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.
Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.
Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.
— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді.
Жассың ғой әлі, қалқам.
— Ой апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма
еді.
— Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма екен?
— Әзірше менің естігенімнің бәрі тұспал.
— Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым, бару жағын сонан соң қарастырарсың.
Сөз басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді. Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.
— Тосекеңбісіз? Төрге шығыңыз.
— Жоқ асығыспын,— деді от басына бір тізерлеп отыра берген Тосқанбай.
— Әлгі Нұрқасым «барып келіңізші» деп мазалап болмаған соң Қопа жаққа барып едім. Қопаны бастыра шойын жол жасап келеді екен. Соны біліп қайттым. Сенде жұмыс іздеп жүр дегенді естіп, айта кетейін деп едім. Мен қазір барып дем аламын да, таңсәріден көшемін. Үлкен балам екеумізге де жұмыс беретін болды.
— Сапарыңыз оң болсын! Мен де көшемін,— деді үй несі.
— Бірге болсын!— деп Тосекең шығып кетті.
Топтық жұмыс.
«Пікір» әдісі. Студенттер әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін талдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=66uQoKYhcks

https://www.youtube.com/watch?v=rGSJ9TbHafk




Жаңа білімді бекіту.



«Мағынаны тану» кезеңі
Оқылымалды тапсырмасы.
«Еңбек» тақырыбына қатысты нақыл сөздерді ұсынады, олардың мән-мағынасын талдайды.
Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үні

Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын салыстырад

Мұны қалай өзгертуге болады? Ұсыныстар













Студенттер «Буриме» әдісі бойынша ұйқасқа өлең шығарады.
____________________________________кінәлы?
____________________________________сұрағы
___________________________________айтып,
__________________________________соғады.






5. Сабақ бойынша рефлексия

Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір ұсыныс.




6.Үй тапсырмасы

Мазмұндау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет