Сабақ. Тақырыбы: «Үздік акушер»



бет9/13
Дата28.05.2024
өлшемі44.56 Kb.
#502020
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сайыс сабақ «Үздік акушер»

1. Диагнозы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жүктілік анемиясы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбастың І дәрежесі. Босанудың I кезеңі. Әлсіз толғақ.
2. Талқылау: Әйел босанардан 1-2 апта бұрынперзентханаға жатуы тиіс еді (жүктілік анемиясын емдеп, нәресте салмағын, күй жағдайын анықтап босану жоспарын белгілеу үшін). Жалпы бірқалыпты тарылған жамбастың І дәрежесінде босануды ұстамды жүргізе отырып, босанудың асқынуларын (әлсіз толғақты, нәресте гипоксиясын т.б.) емдеп, әйелдің өзін босандыруға болады. Егер босанудың ІІ кезеңінде клиникалық тар жамбастың белгілері (жамбас өлшемдерінің нәресте бас өлшемімен сәйкес келмеуі) болса әйелді тек кесар тілігі арқылы босандырады.


3-есеп. Әйелдің үшінші босануы. Босанудың бірінші және екінші кезеңдері асқынусыз өткен. Мерзімі жетілген, қыз бала туған, салмағы 3450,0 г. Босаудың үшінші кезеңі 30 минутқа созылды, бұл аралықта бала жолдасының бөліну белгілері және қан шығыны болмаған. 1. Диагнозы ? 2. Талқылау
1. Диагнозы: Босанудың ІІІ кезеңі. Плацентаның жатыр қабырғасына сіресе терең жапсырылуы (placenta accreta).
2. Талқылау. Плацента жатыр қабырғасына толық сіресе жапсырылғанда қан шығыны болмайды, ол өздігінен жатыр қабырғасынан бөлінбейді.Осыған байланысты әйел босанғаннан кейін плацента өздігінен 20-30 минут аралығында бөлінбесе, қан шығыны болмаса, операция жасап, жатырды бала жолдасымен бірге алып тастайды.


4-есеп. Көп босанған 35 жастағы әйел, ішінің ауырғанына шағымданып, перзентханаға түскен, бұдан 3 сағат бұрын жедел ауырған. Мәлімет алғанда: қазір жүктілігі 8ші, 5 рет босанған, 2 жасанды түсік болған. Үш жыл шамасында гипертония, пиелонефритпен ауырған; жүктіліктің соңғы айларында аяқ-қолдары ісінген, дәрігерге 1,5 ай бұрын қаралған. Объективті зерттеу: тері жабындары бозғылт, қ/қ 100/50 мм с.б., аяғында ісіну бар, тамыр соғуы 100 рет минутына. Жүктілік мерзімі 38-39 апта жатыр көлеміне сәйкес, жатыр қатты, сипағанда ауру сезімі байқалады, нәрестенің жүрек соғуы 180 рет минутына.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны 2см қысқарған, жұмсақ, мойын өзегі бір саусақ өткізеді, қағанақ қуығы бүтін, нәресте баспен орныққан, сегізкөз мүйісіне саусақ жетпейді.
1. Диагнозы? 2. Талқылау. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет