Сабақ. Тақырыбы: «Үздік акушер»


Диагнозы: Жүктіліктің 17-18 аптасы, үйреншікті түсік. Жатыр мойнының жетіспеушілігі (И.Ц.Ж – истмикоцервикалды жетіспеушілік). 2. Талқылау



бет12/13
Дата28.05.2024
өлшемі44.56 Kb.
#502020
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сайыс сабақ «Үздік акушер»

1. Диагнозы: Жүктіліктің 17-18 аптасы, үйреншікті түсік. Жатыр мойнының жетіспеушілігі (И.Ц.Ж – истмикоцервикалды жетіспеушілік). 2. Талқылау: Әйелдің І босануында, жатыр мойны жыртылған дұрыс тігіс салынбау салдарынан жатыр мойнының И.Ц.Ж. дамыған (әйел екі түсік тастаған).Дәрігерлік амал – жатыр мойнына тігіс салу (Любимова – Мамедалиева тәсілі бойынша)

10-есеп. Патология бөліміне 32 жастағы әйел, жүктіліктің 36-37 аптасында түскен. Босану әрекетінің ауытқуына және нәрестенің ірілігіне байланысты, осыдан екі жыл бұрын әйелге кесар тілігі жасалған, перзентханадан 25-тәулікте шыққан. Әйелдің еш шағымы жоқ. Нәрестенің болжамалы салмағы – 3200г, жүрек соғуы анық, ырғақты, 136 рет минутына, жамбас өлшемдері 26-29-31-21.Объектілік зерттеуде: шаттан кіндікке дейін «жұлдызша» формалы операциядан кейінгі тыртық, кей жерлері созылған, сипап қарағанда төменгі жағы ауыртпалы.
1.Диагнозы? 2. Талқылау. Дәрігердің тактикасы қандай?
Диагнозы: Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жатыр тыртығы. Тыртық бойында жатырдың жыртылу қаупі.
2. Талқылау: Кесар тілігінен кейін әйел перзентханадан 25-ші тәулікте үйіне шыққан, оның кеш шығуы операциядан кейінгі асқынуға байланысты. Дәрігер әйелді бұдан 2-3 жұма бұрын перзентханаға жатқызуы қажет еді. «Жұлдызша» формалы тыртық, оның ауыртпалығын ескеріп – жатырдың жыртылу қаупі диагнозы қойылған. Дәрігердің тактикасы – әйелге жедел наркоз беріп, операция жасау.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысышусы студенттер!


«Мейірбике» колледжінде 4 курс акушерлер арасындағы сайыс сабағын ашық деп жариялаймыз!


Бұл сайыстың мақсаты:Оқушылардың меңгерген білім деңгейің анықтау, білімді,жан-жақты болуға үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, білім дайындығын анықтап, оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру.


Сайыс 3 кезеңнен турады:
1 кезеңі тестілеу болды желтоқсанның 12 де тест алынды, соның қорытындысы бойынша 28 студенттен 10 студент 2 кезеңге өтті.

2кезең тәжіребелік іс-әрекетті яғни муляждардан көрсету.


3кезеңситуациялық жағдаяттарды шешу (билет сұрақтарымен)


Сайс сабағымыздың төрешілерімізбен таныстырып өтейін
1.ОЖЖ орынбасары Кыякбаева К.И.
2.Клиникалық ЦӘК төрайымы Ахтанова Н.Х.
3.Әдіскер клиникалық бірлестік бойынша Еспагамбетова К.Б.
4.Арнайы пән оқытушысы Аяпова И.Н.
5. Арнайы пән оқытушысы Серік Қасым

Енді сайысымызды бастаймыз. Студенттеріміз дайын болса


........


Қорытынды сөз

Әділқазылар сайыстың өту барысын , студенттердің дайындығын бағалап, қорытындылайды.Әрбір белсене қатысқан студенттерді атап өтеді.Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.



Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет