Сынып жетекші: Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит елдердің қатарына жатады. Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген.
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өткізу керек іс болып табылады.
Сынып жетекші: Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді.
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек.
ØБалаларға қамқорлық жасау,
Øбаланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес,
сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады:
Øденеге әсер ету,
Øкемсіту, сөзбен тиісу,
Øүй тыныштығын бұзу,
Øазаматтарды сыйламау.
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау.
Тест сұрақтары
1. Аты-жөніңіз, сыныбыңыз:
_____________________________________________________________
2. Зорлық-зомбылыққа арналған іс-шара сіздің көңіліңізден шықты ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
3. Сіз өзіңізді толыққанды "зорлық зомбылықсыз балалық шақ" өкілі санайсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
4. Осы тақырыпқа қосатын қандай ұсынысыңыз бар:
_______________________________________________________________
5. Ал сіздің құқықтарыңызға қол сұғып жүрген біреулер бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
6. Сізге күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттап, күштеп жұмыс жасатып жүрген адамдар бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
7. Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарына шағымыңыз бар ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
8. Жетекші тәрбиешіңізге көңіліңіз тола ма?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
9. Ал өзіңіз біреулерге жәбір көрсетіп жүрген жоқсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
10. Сіз зорлық-зомбылықтың куәгері болып көрдіңізбе?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
11. Зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге дайынсыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
12. Өткізілген тәрбие сағатынан өзіңізге керекті мәлімет ала алдыңыз ба?
а) ия в) жоқ с) жауап беруге қиналамын
Қорытынды. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |