Сабақ Тақырып: Гидростатика негіздері Сұйықтық және оған әсер етуші күштер



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі47.85 Kb.
#482339
түріСабақ
1   2   3
Документ Microsoft Word

Беттік керілу.
Механикада сияқты жүйе потенциалдық энергиясы аз күйге талпынады, және потенциалдық энергиясы аз күй біршама тұрақты болып есептелінеді, изотермиялық шарттарында термодинамикада жүйе еркін энергиясы аз күйге талпынады. Сондықтан сұйықтың беті сығылуға тырысады. Осыған орай, сұйықтың бетінде беттік керілу деп аталынатын күштер пайда болады. Осында сұйықтық бет жазықтығының әр жақтарына изотропты тартылған жұқа резеңкелік қабатқа ұқсайды.
Беттік керілуді біз сабын үлдірлерінен көре аламыз. Мысалы,сабындық еріткіден шығарылған сымдық рамкада сабындық үлдір пайда болады.
Беттік керілу — екі фазаның (дененің) бөліну бетінің термодинамикалық сипаттамасы. Өлшем бірліктері Дж/м2 немесе Н/м. Беттік керілуді бөліну беті сұйықтық болған жағдайда, бет контурының ұзындық бірлігіне әсер ететін және фазалардың берілген көлемдерінде бетті ең кіші шамаға (минимумға) дейін жиыруға ұмтылатын күш ретінде де қарастыруға болады. Екі қоюланған (конденсацияланған) фазаның шекарасындағы беттік керілу, әдетте, фазааралық керілу деп аталады. Жаңа бетті түзетін жұмыс, зат молекулаларын дене көлемінен беттік қабатқа ауыстыру кезіндегі молекулааралық ілініс күшін жеңуге жұмсалады. Беттік қабаттағы молекулааралық күштердің тең әсерлі күшінің шамасы дене көлеміндегідей нөлге тең болмайды әрі ол ілініс күштері көбірек болатын фаза ішіне қарай бағытталады. Сонымен беттік керілу беттік (фазааралық) қабаттағы молекулааралық күштердің теңгерілмеуінің өлшемі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет