Көрініс. «Кітаптың киесі».
Автор: Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып – жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі – түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.
Кешкі уақыт болды. Ол әлі компьютер алдында. Әсет «шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін-ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.
Кенет түсіне періште келеді. Ол Әсеттен:
Саламатсың ба, балақай! – дейді жай үнмен. Әсет ұйқылы – ояу көзін ашып:
О – о – о, періште! Сәлеметсің бе?, — деді таңырқаған үнмен.
Жағдайың қалай?
Жақсы.
Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.
Менің арманым – кітап жоқ болсын.
Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгерпеймісің?
Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым – осы.
Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.
Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?
Әсет: Мама, мама! Тамақ қайда?
Мамасы: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?
Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны
ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?
Әсет анасынан: Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?
Мамасы: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?
Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?
Әсет: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?
Мамасы: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?
Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.
Әсет: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» — деп қатты өкінеді.
Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап – білім бұлағы. Кітап – асыл мұра, дара тұлға.
«Жалғасын тап..» ойыны мақал мәтелдің жалғасын табу
Кітап - таусылмайтын байлық.
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
Кітап-алтын қазына.
Күш-білімде, білім- кітапта.
Кітапсыз үй, жансыз тәнмен тең.
Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз.
Кітап оқудан тыйылған адам, ойлаудан да тыйылады.
Жақсы кітап-жан азығы.
Достарыңызбен бөлісу: |