Сабақ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: а XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті Мектеп: Сағат саны: сағат



бет2/4
Дата31.05.2023
өлшемі39.61 Kb.
#474527
түріСабақ
1   2   3   4
1 Қысқа мерзімді жоспар 8 сынып XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі 2-сабақ

Сабақтың ортасы
05-12 мин
12-20 мин

20-35 мин


35-39 мин

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?


Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Өткен тақырыптардағы материалдарды еске түсіріліп, жаңа тақырыппен байланыстыруға жағдай жасалады.Слайдтан «сөздер банкі» әдісі бойынша «Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді?» және «Бөкей ордасының ханы Жәңгір – қанаушы немесе ағартушы?» тақырыбынан алынған сөздер топтамасы ұсынылады. Оқушылар ұсынылған сөздер топтамасының арасынан /Бөкей Ордасы, зайырлы мектеп, көтеріліс, Исатай мен Махамбет, егу практикасы, Гекке, мұражай, Тастөбе шайқасы, ағартушылық, аурухана, мал тұқымын асылдандыру тб/ алдыңғы сабақтарда кездеспеген жаңа ұғымдарды анықтайды. Сонан соң, жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар тақтаға ілініп, оқушыларға жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге болады.
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс.
(Ж) XIX ғасырда Бөкей Ордасында билік еткен Жәңгір хан саясаты туралы бейнематериал көрсетіледі. Жұптасқан оқушылар тыңдалым бойынша алған ақпаратын ұсынылған кестеге толтырады. Игерілген білімді тексеру жұптардың бір-бірін бағалауымен жүргізіледі.


Дескриптор:
- Жәңгір ханның ел басқару ісіндегі енген өзгерістер мен жетістіктердің кемінде 3-уін анықтайды.


Кері байланыс. Жұптардың бірін-бірі бағалауы.


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
(Т) Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын ықшамдалған мәтін ұсынылып, топтық тапсырма беріледі. Оқушылар мәтіндегі ақпаратты оқып, топ ішінде өзара талқылайды. Игерген білім мен дағдыларын SWOT талдау кестесі арқылы сыныпқа жариялайды. І топ-Жәңгір ханның ағарту саясатындағы жетістіктерін (SWOT талдау кестесінің «+» және «мүмкіндіктері» торын), ІІтоп- Жәңгір ханның ағарту саясатындағы кемшіліктерін «SWOT талдау кестесінің «-» және «қауіптері» торын, ІІІ топ- Жәңгір ханның ағарту саясатының мемлекеттің дамуындағы әсерін («РЕSТ талдау кестесінің «Оңтайлы әсері», «Кері әсері», «Шешім» торын) толтырып, талдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет