СабақҚа арналған нұСҚаулық Тақырыбы: «Windows операциондық жүйесі. Дискімен, файлмен, папкамен жұмыс. Стандарттық программалармен жұмыс.»



жүктеу 157.3 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі157.3 Kb.




БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырыбы: «Windows операциондық жүйесі. Дискімен, файлмен, папкамен жұмыс. Стандарттық программалармен жұмыс.»


Мамандғы: МЕЙІРБИКЕ ІСІ

Пән: ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырушы: Гупранов Қ.С.


ТАҚЫРЫБЫ: «Windows операциондық жүйесі. Дискімен, файлмен, папкамен жұмыс. Стандарттық программалармен жұмыс.»

МАҚСАТЫ: Windows операциялық жүйесінде машықтану деңгейін арттыру

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • Windows операциондық жүйенің негізгі функцияларын білу керек;

  • Windows жүйесінде қолданылатын негізгі түсініктерін білу керек (жұмыс столы, терезе, папка, контекстті меню, басқару панелі, есептер панелі, бас меню, ярлыктар, белгілер);

  • Windows интерфейсін басқаруды білу керек: жұмыс столымен, ярлыктармен, белгілермен, терезелермен жұмыс істеу;

  • Дискілердіғ файлдарды, папкаларды басқаруды білу керек.

  • «Тышқан» манипуляторын қолдануды білу керек;

  • Корзинамен жұмыс істеуді білу керек;

  • Есептер панелімен, бас және контекстті менюмен, басқару панелімен жұмыс істеуді білу керек;



ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Операциондық жүйелердің классификациясы.

  • Windows стандартты программалар құрамына кіретін программалар?

  • Windows стандартты программалардың кез келгенін жүктеу?

  • Калькулятор программасының жұмыс істеу режимдері қандай?

  • Блокнот программасының тағайындалуы?

  • WordPad программасының тағайындалуы?

  • WordPad көмегімен жаңа құжат құру, құрылған құжатты сақтау, өзгерістерді құжатта сақтау және мәтінді форматтау?

  • Блокнот және WordPad стандартты программаларының айырмашылығы?

  • Paint программасы?


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.


Практикалық тапсырманы орындау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Информатика Қ.Ж.Құдабаев Алматы 2012

  2. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Операциондық жүйе дегеніміз не?

  2. Көпесепті операциондық жүйеге анықтама беріңіз.

  3. Көппайдаланушы операциондық жүйеге анықтама беріңіз.

  4. Операциондық жүйенің графикалық интерфейсіне анықтама беріңіз.

  5. Windows жүйесінде қолданылатын негізгі түсініктеріне анықтама беріңіз: жұмыс столы, терезе, папка, контекстті меню, басқару панелі, есептер панелі, бас меню, ярлыктар, белгілер, тышқан нұсқағышы.

  6. Белгіден ярлыктың айырмашылығы неде?

  7. Тышқан көмегімен қандай әрекеттерді іске асыруға болады?

  8. Жұмыс столында әдетте қандай объекттер орналасады?

  9. Бас менюдің құрамына қандай пункттер кіреді?

  10. Терезе қандай элементтерден тұрады? Олар қандай функцияларды атқарады?

  11. Файл дегеніміз не?

  12. Папка дегеніміз не?

  13. Логикалық диск дегеніміз не?

  14. Көшірудің негізгі тәсілдерін атап шығыңыз.

  15. Орын ауыстырудың негізгі тәсілдерін атап шығыңыз.

  16. Папка құрудың негізгі тәсілдерін атап шығыңыз.

  17. Объекттерді жоюдың негізгі тәсілдерін атап шығыңыз.

  18. Ярлык құрудың негізгі тәсілдерін атап шығыңыз.

  19. Корзина не үшін керек?

  20. Жұмыс столдың қасиеттерін қалай өзгертуге болады?

    1. Тапсырмаларды орындау.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал


Windows операциондық жүйесі. Дискімен, файлмен, папкамен жұмыс

Windows-ты жүктеу

Windows операциондық жүйесі компьютерді қосқан соң жүктеледі. Windows жүктелген соң экранда «Жұмыс столы» пайда болады



Жұмыс столы

Windows ортасында жұмыс столының ролін экран дисплейі орындайды. Онда Windows нысандары мен басқару элементтері көрсетіледі (белгілер, батырмалар, ярлыктар және басқалары). Есептер панелі де жұмыс столының бөлігі болып табылады.



Белгілербұл Windows нысандарының графикалық көрінісі. Белгі бір программаға немесе құжатқа сәйкес келеді. Windows-та орнатылған әрбір программаның өзінің жеке белгісі болады. Белгі тек файлдарды ғана емес, папканы да белгілей алады.тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту папканың терезе ретінде ашылуына әкеледі. Программа белгісіне шерту программаны жүктеу командасын білдіреді. Кез келген белгінің атын өзгертуге, орнын ауыстыруға, көшіруге не жоюға болады, бірақ белгілерге орындалатын барлық операциялар сол белгілер сәйкес келетін программалар мен құжаттарға да орындалатынын есте сақтау керек! Белгінің жұмыс столынан алынып тасталуы файлдың дискіден алынып тасталуына әкеледі, яғни файл жойылады.

Жұмыс столында кездесетін негізгі белгілер:



  • Мой компьютер – жүйелік папка, компьютердің барлық құрылғыларына сәйкес келетін визуалды объектілері бар;

  • Сетевое окружение – жүйелік папка, компьютер желіге қосылған жағдайда желілік ресурстарға тез қатынауды қамтамасыз етеді. Бұл желілік ресурстарға желінің барлық комьютерлеріне ортақ дискілер мен принтерлер жатады;

  • Корзина – жойылған оюъектілерді уақытша сақтайтын жүйелік папка, оларды қажет болған жағдайда қайта қалпына келтіруге немесе мүлдем жойып тастауға болады.

Ярлык қандай да бір басқа жерде сақталған нысанған нұсқағыш болып табылады. Ярлыкты екі рет шерткен кезде Windows осы ярлыкпен байланысты нысанды тауып, оны ашу үшін байланыс файлында сақталған ақпаратты қолданады.ярлыктарды компьютердің барлық дерлік нысандарына құруға болады. Ярлыктарды белгілерден сол жақ төменгі бұрышындағы стрелка арқылы ажыратуға болады.

Есептер панелі қосымшалара жылдам қатынауға және ашық қосымшалар арасында ауысып тұруға мүмкіндік береді. Есептер панеліндегі Пуск батырмасы жүйенің Басты Менюін белсенді етуге арналған, ол программалардың жүктелуін, файлдарды іздеуді, анықтамаға қатынауды, жүйелік параметрлерді орнатуды және басқа функцияларды қамтамасыз етеді.

Басты Меню

Екі бөлімнен тұрады: міндетті және еркін. Міндетті бөлім пайдаланушымен құрастырылады және бөлгіш сызықтан жоғары орналасды. Төмендегі тізімде міндетті бөлімнің пункттері:



  • Программы. Бұл пункт компьютерде орнатылған қосымшаларды жүктейтін ярлыктар бар иерархиялық құрылымға қатынауға мүмкіндік береді.

  • Документы. Бұл менюде сіз ақырғы рет жұмыс істеген 15 құжат пен папкалар бар.

  • Настройка. Бұл меню Windows-ты күйлеудің негізгі құрылғыларына қатынауға мүмкіндік береді (әсіресе, Басқару панелі мен Принтерлер папкаларына).

  • Поиск (Найти). Бұл меню компьютердегі не желідегі файл немесе папканы, сонымен қатар желідегі нақты компьютерді табуға мүмкіндік береді.

  • Справка. Менюдің бұл пункті Windows-тың анықтама жүйесін ашады.

  • Выполнить. Бұл команда программаның тез жүктелуін қамтамасыз етеді. Сіз команданы тікелей жазып енгізесіз немесе қажетті программаны табу үшін каталогтарды қарап шыға аласыз.

  • Завершение работы. Бұл пункт операциондық жүйе жұмысын дұрыс аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда келесі варианттар болады: «күту режиміне» өту, компьютерді өшіру, компьютерді өшіріп қайта қосу.

  • Пуск менюінен басқа есептер панелінде қазіргі кезде ашық тұрған барлық папкалар мен программалардың батырмалары орналасады. Нысанды таңдау үшін есептер панеліндегі сәйкес батырманы шертіп қалу керек. Сонда нысан алдыңғы қатарға шығады да, сіз онымен жұмыс істей аласыз.

Терезе – Жұмыс столынан кейінгі ең маңызды нысан. Папкалардың терезелерімен қоса, диалогтық терезелер, қосымшалардың жұмыс терезелері және анықтама жүйенің терезелері болады. Терезе экранның бір бөлігін немесе экранды түгелдей қамти алады. Бір уақытта экранда бірнеше терезе орналасуы мүмкін. Терезелердің өлшемдерін ыңғайына қарай өзгертуге болады.

Терезенің келесі элементтері бар:



  1. Тақырып жолы, бұл жерде осы терезенің аты көрсетіледі. Осы жол арқылы тышқанның көмегімен терезені Жұмыс тсолының бойымен жылжытуға болады. Тақырыптың сол жағында Жүйелік меню батырмасы, оң жағында терезе көрінісін өзгертуге арналған батырмалар болады. ( - орау, - жазу, - жабу).

  2. Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан. Менюдің әр жолына шерту төмен ашылатын менюді ашады, оның пункттері осы терезеде орындауға болатын кез келген операция орындауға мүмкіндік береді.

  3. Саймандар панелі меню жолының астында орналасқан және ең жиі кездесетін операцияларды орындайтын командалық батырмалары бар.

  4. Терезенің жұмыс облысында кез келген ақпарат орналаса алады: орындалатын программа, өңделетін мәліметтер, басқа терезелер.

  5. Айналдыру жолдары. Кез келген терезенің өлшемі шектеулі, сондықтан да ақпарат тым көп болса, ол толығымен терезеде көрсетіле алмайды. Бұл жағдайда терезенің оң (төменгі) жағында "айналу сызығы" деп аталатын элемент пайда болады.

  6. Қалып жолы қосымша ақпарат шығаруға арналған.

Қосымшалар мен құжаттар терезелерінің экранда көрсетілуінің үш түрі бар:

- толық экранды - терезе барлық экранды алады;

- қалыпты - терезе экранның бір бөлігін алады;

- белгі - терезе "оралған".

Папкалар компьютердің жүйелік ресурстарын (каталогтар, файлдар, программалар және т.б.) ұйымдастыру және көрсету құралы болып табылады. Папкада басқа папкалар (ішкі папкалар), программалар, сонымен қатар принтерлер мен дискілер сияқты нысандар орналаса алады. Нысандар папкадар белгілермен көрсетіледі, әрбір белгінің аты болады, ол белгінің төменгі жағында орналасады.

Мой компьютер және Сетевое окружение папкаларынан басқа Жұмыс столында басқа да папкалар орналаса алады. Сіз ең жиі қолданатын нысандарды (программалар мен құжаттар) сақтайтын папкаларды Жұмыс столында құра аласыз. Стандартты папка - бұл каталогтың графикалық көрінісі ғана екенін түсінген жөн.



Контекстті меню. Нысанды (файл не папканы) тышқанның оң жақ батырмамен шерткенде пайда болады. Осы кезде нысанға қолданыла алатын операциялар (Ашу, Қиып алу, Көшіру, Жою, Қасиеті және т.б.) тізімі пайда болады.

Windows жүйесінің жұмысының аяқталуы.

Windows жүйесінен шығу үшін келесі әрекеттер орындау керек: курсорды Пуск батырмасын апарып, оған шертіп, менюден "Завершение работы" командасын таңдау керек. Осыдан соң "Завершение работы с Windows" диалогтық терезесі ашылады. "Завершение работы с Windows" диалогтық терезесін басқа да жолмен шақыртуға болады. Ол үшін Alt+F4 пернелер комбинациясын басқан жеткілікті. Alt+F4 пернелер комбинациясы Windows-тағы кез келген терезенің, программаның жабылуына әкеледі.
Қосымша 2

ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛ

Калькулятор













1 сурет. Қарапайым калькулятордың суреті

Калькулятор – бұл есептеулерге арналған стандартты программа.

Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым (1-сурет) және инженерлік (2-сурет). Қарапайым - ол жеңіл есептеулерге арналған, ал инженерлік ол көптеген математикалық сонымен қатар статистикалық функцияларға қатынауға мүмкіндік береді.

Калькуляторды жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командаларын басып, Калькулятор командасын таңдау.

Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым (7-сурет) және инженерлік (8-сурет). Қарапайым - ол жеңіл есептеулерге арналған, ал инженерлік ол көптеген математикалық сонымен қатар статистикалық функцияларға қатынауға мүмкіндік береді.

Калькуляторды жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командаларын басып, Калькулятор командасын таңдау.

Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.

2-сурет. Инженерлік калькулятордың суреті.



Блокнот

Блокнот форматтауды қажет етпейтін және өлшемі 64 Кбайттан аспайтын мәтіндік файлдарды құру және редактрлеуге арналған. Блокнот мәтінді тек қана ASCII (қарапайым мәтін) форматында ашуға мүмкіндік береді. Егер файл форматтауды қажет етсе немесе өлшемі 64 Кбайттан асса, WordPad мәтіндік редакторын қолдану керек.

Блокнотты жүктеу үшін Пуск батырмасын басып, Программы және Стандартные командасын, одан кейін Блокнот командасын таңдау керек (3-сурет).








3-сурет. Блокнот бағдарламасының терезесі


WordPad шағын құжаттармен жұмыс істеуге арналған мәтіндік редактор. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекраларды жылжытуға, шегініс орнатуға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділер мен бейнеклиптерді қоюға болады. WordPad мәтіндік редкторды іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет: Пуск  Программы  Стандартные  WordPad. WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады.(4-сурет)


4-сурет. WordPad мәтіндік редакторының терезесі


Терезе келесі элементтерден тұрады:1- Тақырып жолы, 2- Меню жолы, 3- Құрал-саймандар тақтасы, 4- Пішімдеу тақтасы, 5- Абзац шегінісінің маркері, 6- Сызғыш, 7- Меңзер немесе енгізу нүктесі, 8- Жұмыс аймағы, 9- Қалып-күй жолы.

1. Жаңа құжат құру



  1. Файл менюінен Создать командасын таңдаңыз.

  2. Құруға қажетті файлдың типін таңдап, OK басу керек, одан кейін мәтінді енгізуді бастаңыз.

  3. Жаңа файлды сақтау үшін Файл менюінен Сохранить командасын таңдап, Имя файла өрісіне файл атын енгізіңіз.

Мәтінді WordPad мәтіндік редакторының жүктелуінен соң бірден енгізе беруге болады. Файлды кейін қайта сақтағанда файл форматын Сохранить как диалогтық терезесінен таңдауға болады.

2. Құжаттағы өзгерістерді сақтау



  1. Файл менюінен Сохранить командасын таңдаңыз.

Құрылған файлды басқа атпен сақтау үшін Сохранить как командасын таңдап, Имя файла өрісіне файлдың жаңа атын енгізіңіз. Сонымен қатар, Сохранить как диалогтық терезесінен файл форматын таңдауға болады.

3. Құжатты ашу



  1. Файл менюінен Открыть командасын таңдаңыз.

  2. Папка тізімі бар өрістен ашуға қажетті құжаты бар дискіні таңдаңыз.

  3. Қажетті құжаты бар папканы екі рет шертіңіз.

  4. Құжат белгісін екі рет шертіңіз.

Егер сізге қажетті құжат көрінбесе, Тип файлов тізімі бар өрістен құжаттардың басқа типін таңдап көріңіз.

Жақында ашылған құжаттардың бірін ашу үшін Файл менюінен оның атына шертуге болады.

4. Мәтінді форматтау

4.1 Мәтінді тасымалдау режимін өзгерту



  1. Вид менюінен Параметры командасын таңдаңыз.

  2. Перенос по словам тобынан қажетті параметрді таңдаңыз.

Тасымалдау режимі мәтіннің экрандағы көрінісіне ғана әсерін тигізеді. Құжатты басып шығарған кезде Макет страницы командасының көмегімен берілген өрістердің мәндері қолданылады.

  1. Диалогтық терезеде әрбір мәтіндік формат үшін бүркемелер бар, оларда құжаттарды сақтауға болады, бұл түрлі форматтар үшін мәтінді тасымалдаудың түрлі режимдерін беруге мүмкіндік береді.

4.2. Маркирленген тізім құру

  1. Маркирленген тізімді құруды бастауға қажет бос жолды шертіңіз.

  2. Формат менюінен Маркер командасын таңдаңыз, сосын мәтін енгізіңіз. ENTER пернесін басқан сайын келесі жолда жаңа маркер пайда болады.

  3. Маркирленген тізімді аяқтау үшін, ақырғы жолды енгізген соң ENTER пернесін басып, одан кейін қайтадан Формат менюінен Маркер командасын таңдаңыз.

Сонымен қатар қажетті абзацты шертіп, маркирленген тізімді қолдануға болады.

4.3.Символдардың шрифтін, жазылуын және өлшемдерін өзгерту



  1. Форматты өзгертуді қажет ететін мәтінді белгілеңіз.

  2. Формат менюінен Шрифт командасын таңдаңыз.

  3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Жаңа мәтін үшін шрифт пен жазылуды мәтінді енгізуді бастағанға дейін орнатуға болады. Барлық құжаттың шрифтін өзгерту үшін Правка менюінен Выделить все командасын таңдап, одан кейін жоғарыда айтылған 2 қадамды орындаңыз.

4.4. Абзацты форматтау



  1. Форматтауды қажет ететін абзацтың кез келген жеріне шертіңіз.

  2. Формат менюіненАбзац командасын таңдаңыз

  3. Жолдан ауытқу және тегістелу параметрлерін орнатыңыз.

Жаңа құжат үшін абзацтар форматын мәтін енгізгенге дейін орнатуға болады.
Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы jpg, .gif немесе .bmp форматты нүктелік суреттермен жұмыс істеу үшін қолданылады. Paint-та құрылған суретті басқа құжатқа кірістіруге болады немесе фон суреті ретінде жұмыс үстелінде орнатуға болады. Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға, Windows- тың басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады (5-сурет).

Paint графикалық редакторды іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск  Программы  Стандартные  Paint














5-сурет. Paint графикалық редакторының терезесі.
Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Салған суреттерді, графиктерді кейін қажет кезінде пайдалану үшін, дискідегі файлда сақтаған жөн.Файлды дискіде сақтағанда ат беру керек, ал кеңейтілуді файлға Paintтың.bmp бағдарламасы автоматты түрде меншіктейді.

Paint бағдарламасының құжатты бірінші рет сақтап қою үшін Файл  Сохранить как командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как диалог терезесі пайда болады, имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.

Қайталап сақтағанда Файл  Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файл да сақталады. Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін, Файл  Открыть командасын орындаңдар. Экранда диалог терезесі ашылды, онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіңдер.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1 тапсырмасы. Жұмыс столын реттеу.

Жұмыс столының кез келген бос жерін тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, менюдің Упорядочить значки пунктін таңдау қажет:


  • аты бойынша

  • типі бойынша

  • өлшемі бойынша

  • күні бойынша

  • автоматты түрде

нысандарды бір жерден екінші жерге орын ауыстыру керек.

тапсырмасы. Терезелердің орналасуы.

Бірнеше терезе ашыңыз: Мой компьютер, Корзина, Сетевое окружение.

Есептер панелінің бос жерінде динамикалық меню шақыртыңыз (тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы) .

Командалардың біреуін таңдаңыз: каскадты, жоғарыдан төмен, солдан оңға.

3 тапсырмасы. Нысандарды құру және өңдеу

Жұмыс столының бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Создать – Папку командасын таңдаңыз.

Құрылатын папканың атын енгізіңіз (Оқулық), папканы ашыңыз.

Оқулық папкасының ішінен тағы бір папка құрыңыз (жоғарыдан қара), оны өз атыңызбен атаңыз.

4 тапсырмасы. Ярлыктар құру.



  1. Ярлыкты тасу арқылы құру. Оқулық папкасында орналасқан сіздің атыңызбен аталған папка үшін ярлык құрыңыз. Ол үшін:

  • тышқанның оң жақ батырмасымен нысанды жұмыс столына апарыңыз.

  • пайда болған контекстті менюден Создать ярлык командасын таңдаңыз.

  1. Екінші тәсіл. Нысанды оң жақ батырмамен шерту:

  • Белгіні тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз.

  • Пайда болған менюден Создать ярлык командасын таңдаңыз. Ярлык нысан орналасқан папкада құрылады.
5 тапсырмасы. Объектілерді жою.

  • Оқулық папкасын ашыңыз. Ярлыкты белгілеп, Del батырмасын басыңыз. Папка терезесін жабыңыз.

  • Жоюдың басқа тәсілі. Оқулық папкасын Корзинаға апарыңыз..

  • Корзинаны ашып, ондағы жойылған файлдарды тексеріңіз.

  • Жойылған Оқулық папкасын қайта қалпына келтіріңіз. Ол үшін ярлыкты белгілеп, Восстановить командасын таңдаңыз.

  • Папканың Жұмыс столында болуын тексеріңіз.

6 тапсырмасы. Жұмыс столының фоны мен заставкасын өзгерту.

  • Жұмыс столының бос жеріне тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, менюдің Свойства пунктін таңдаңыз (Фон, Заставка, Оформление, Параметры).

  • Жаңадан Фон және Заставканы таңдаңыз.

6 тапсырмасы. «Менің SoftWare».

Сіздің компьютеріңізге қандай программаларды орнату керек. Тапсырманы жазба түрінде орындаңыз.
1 бақылау тапсырмасы

WordPad қолданбасын іске қос. Пішімдеу тақтасын қолдана отырып, қысқаша өз тобыңа мінездеме жаз.



2 бақылау тапсырмасы

Paint графикалық редакторында сурет салып оны, оны WordPad –та терілген мәтінге кірістіріп сақтап қойыңыз.



3 бақылау тапсырмасы

Сынып бөлмесін жөндеуге қаржы шығынының ведомосін есептеу керек. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы 10550 тенге.

бояу 4987 тенге,


  1. известь 653 тенге,

  2. құрал-жабдық 489 тенге,

  3. жұмыс ақысы ?

Калькулятор көмегімен есепті шығарып, шығындасын Блокнотқа кірістіру керек.

1 бақылау тапсырмасы

WordPad қолданбасын іске қос. Пішімдеу тақтасын қолдана отырып, қысқаша өз тобыңа мінездеме жаз.



2 бақылау тапсырмасы

Paint графикалық редакторында сурет салып оны, оны WordPad –та терілген мәтінге кірістіріп сақтап қойыңыз.



3 бақылау тапсырмасы

Сынып бөлмесін жөндеуге қаржы шығынының ведомосін есептеу керек. Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы 10550 тенге.



бояу 4987 тенге,

  1. известь 653 тенге,

  2. құрал-жабдық 489 тенге,

  3. жұмыс ақысы ?

Калькулятор көмегімен есепті шығарып, шығындасын Блокнотқа кірістіру керек.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет