СабақҚа дайындалуға арналған тапсырма құрастырушы: МжҚТ кафедрасының доценты Ж. А. Шалдыбаев Павлодар



Дата09.07.2016
өлшемі145.65 Kb.
#186943
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасы
«Қазақстан Республикасының Халқаралық бұқаралық құқығы» пәні бойынша

050301 Құқықтану мамандығының

студенттеріне

САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМА


Құрастырушы:

МжҚТ кафедрасының

доценты

Ж.А.Шалдыбаев


Павлодар
САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН



ТАПСЫРМА
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Сауалдар:

1.Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде. Халықаралық – құқықтық қатынастарды реттейтін пән.

2.Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процессі, сонымен қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері.

3.Халықаралық құқықтың мәжбүрлеу шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 3-8бет; [2], 5-12бет

2-тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың тарихы.

Сауалдар:

1.Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары.

2.1648 жылғы Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы ролі. Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар.

3.Халықаралық құқыққа француз революциясының тигізген ықпалы. 1815 жылғы Вена конгресі, 1856 жылғы Париж конгресі, 18884-1885 жылдардағы Берлин конференциясы. 1899 және 1907 жылдардағы Гаага әлем Конференциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 9-11бет; [19], 5-12бет

3-тақырып. Қазақстан тарихындағы халықаралық–құқықтық институттардың пайда болуы және дамуы

Сауалдар:

1.Қазақстан тарихында елшілік әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет-ғұрып пен шарттардың арақатынасы.

2.Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттік ішкі органдары. Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты.

3.Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы. Қазақстандағы шартттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық -құқықтық құралдар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [12], 19-21бет; [5], 9-19бет
4-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

Сауалдар:

1.Мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелері бойынша заңдар - халықаралық құқықтың қосалқы қайнар көзі.

2.Халықаралық құқықты жүйелеу (кодификациялау). Жүйеленген актілерді жасаудағы БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ролі.

3.БҰҰ-ның халықаралық құқық комиссиясы дайындаған негізгі жүйеленген актілері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 69-81бет; [9], 50-62бет
5-тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары.

Сауалдар:

1.Шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Оның күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасымен органикалық байланысы.

2.Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның мазмұны және оны қолдану әдістері.

3.Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы.
6-тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы.

Сауалдар:

1.Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде. Мемлекеттік егемендіктің белгілері және ұғымы, оның әлеуметтік-саяси және заңдық мазмұны. Егемендік және мемлекеттің ішкі құзіреттері. Мемлекеттік егемендікті жоққа шығару концепциясы.

2.«Әлемдік» мемлекеттің, үкіметтің, парламенттің теориялары.

Халықаралық құқық субъектілері – мемлекеттердің түрлері. Халықаралық құқықтағы күрделі мемлекеттер.

3.Тұрақты бейтарап мемлекеттер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [16], 68бет; [19], 55-62бет


7-тақырып. Халықаралық шарттар құқығы.

Сауалдар:

1.Әмбебап және басқа да шарттарға қатысу құқығы. Шарттарды жасасқан кезде мемлекеттің атынан өкілдік ететін органдар. Шарттарға қатысу және халықаралық тану. Шарттар және үшінші мемлекеттер.

2.Шарттарды бекіту. Өкілеттілік. Мәтінін қабылдау. Консенсус. Мәтіндердің бірдейлігін анықтау. Шарттың міндеттілігіне келісім беру түрі. Қол қою және оның түрлері, бекіту, қабылдау, қосу. Көпжақты шарттарға қатысты мәмілелер. Мәмілелердің заңдық зардаптары.

3.Депозитарий және оның қызметі. Шарттың күшіне енуі. Уақытша қолданудың мүмкіндігі. Өзгерістер енгізуі. Жариялау. Шарттарды тіркеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет
8-тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

Сауалдар:

1.Қазіргі халықаралық ұйымдардың заңдық табиғаты. Халықаралық ұйымдардың Жарғысы халықаралық шарттың ерекше түрі. Жарғы - халықаралық ұйымдар қызметінің заңдық негізі. Қазіргі халықаралық ұйымдардың негізгі қағидалары. Ұйымның құзіреттері және оның функциялары. Шарттық құқық қабілеттілік. Мемлекеттің халықаралық ұйымдардағы өкілдіктері.

2.Халықаралық ұйымдардағы мүшелік. Халықаралық ұйымдарға кіру тәртібі. Мүшелікті тоқтату: ұйымнан шығу. Мүшелікті тоқтата тұру. Халықаралық ұйымдар қызметіне Қазақстанның қатысуы.

3.Халықаралық ұйымдар органдары. Оларды қалыптастыру қағидалары және құзіреттерінің қатынастары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11], 49-61бет; [19], 114бет
9-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебаб халықаралық ұйым ретінде.

Сауалдар:

1.Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Халықаралық Сот. Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалық бөлімі.

2.Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы мемлекеттің тұрақты үкіметі.

3.Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық негіздері және жалпы сипаттамсы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 132бет; [11], 92бет
10-тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

Сауалдар:

1.Мемлекетішілік және халықаралық құқықтардың қатынасы туралы теориялар: дуалистік және монистік теориялар.

2.Мемлекетішілік құқық оның нормаларының халықаралық құқық нормаларымен қатынасы туралы. Мемлекеттердің халықаралық құқық нормаларының сақталмауын ақтау мақсатында, өзінің мемлекетішілік құқығына сілтеме жасауына жол бермеу.

3.Халықаралық құқық, оның нормалары мен мемлекетішілік құқық нормаларының ара қатынасы туралы. Осы мәселелерді әр түрлі мемлекеттің заңдылықтары бойынша шешудің түрлері. Қазақстандағы тәжірибедегі және заңдылық бойынша халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы мәселелерін шешу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 192бет; [9], 89-93бет
11-тақырып. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

Сауалдар:

1.Мемлекеттің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері: саяси және материальдық жауапкершілік. Олардың нысандары. Баса-көктеп кіргені үшін (агрессия) мемлекеттің тартылатын жауапкершілігінің ерекшелігі.

3.Қазақстан заңдары бойынша халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелері.

3.Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі. Халықаралық ұйымдар халықаралық жауапкершіліктің субъектісі және халықаралық шағымдардың (претензий) субъектісі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер: [13], 300-302бет; [19], 102бет


12-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.

Сауалдар:

1.Азаматтықты алу және одан айрылу тәсілдері. Туу бойынша азаматтықты алу. Натурализация. Оптация. Трансферт. Ата-аналарының азаматтықты өзгертуіне байланысты балаларының азаматтығы мәселелері. Азаматтықтан айрылу. Азаматттықты қайта қалпына келтіру.

2.Қос азаматтық. Қос азаматтықты жою туралы Қазақстанның жасасқан шарттары. Азаматтық туралы Қазақстан-Ресей арасындағы шарттардың ерекшеліктері.Азаматтығы жоқ тұлғалар. Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайлары.

3.Азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар.Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселелері «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жыл 20 желтоқсандағы, 1995 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңы.

4.Шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Шетелдіктердің құқықтық режимінің ерекше түрлері: ұлттық режим.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы. Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 165-167бет; [3], 141бет


13-тақырып. Халықаралық экономикалық құқық.

Сауалдар:

1.Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын қалыптастыруда халықаралық конвенциялар және халықаралық ұйымдар резолюциясының атқаратын ролі.

2.1974 жылғы жаңа экономикалық тәртіпті бекіту туралы декларация. 1975 жылғы ЮНИДО конференциясында қабылдаған өнеркәсіптік дамыту және ынтымақтастық туралы Рим декларациясы.

3.1974 жылғы мемлекеттердің міндеттілігі және экономикалық құқық хартиясы. Қазақстанның сыртқы экономикалық заңдарының халықаралық конвенциялармен қатынасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 165-167бет; [3], 141бет
14-тақырып. Дипломатиялық құқық.

Сауалдар:

1.Мемлекеттің сыртқы қатынастар органдары. Сыртқы қатынастардың мемлекетішілік органдары: парламент, мемлекет басшысы, үкімет, сыртқы істер ведомствосы – сыртқы қатынастарының жалпы құзіреттерінің органы ретінде. Басқа министерствалар және ведомствалардың ролі. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы бойынша сыртқы қатынастар органдары. Қазақстан Республикасының Президенті.

2.Қазақстан Республикасының Парламенті. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі. Сауда және өнеркәсіп министрлігі және оның сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудағы ролі. Қазақстан Републикасының Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 «Қазақстан Республикасының Өкілеттілігі мен оған теңестірілген дипломатиялық ережелерін бекіту туралы» жарлығы.

3.Сыртқы қатынастардағы шетел органдары. Дипломатиялық өкілдіктер. Сауда. Өкілдігі. Консулдық. Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілділіктері. Сыртқы қатынастардағы уақытша шетел органдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], 155бет; [3], 141бет
15-тақырып. Консулдық құқық.

Сауалдар:

1.Қазақстанның шетелдермен жасасқан консулдық конвенциялары. Консулдық мәселелері бойынша Қазақстан Заңдары.

2.1963 жылғы консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы.

Консулдық артықшылықтар мен иммуниттер.

3.Консулдық артықшылықтар мен имуниттердің дипломатиялық артықшылықтар мен иммуниттерден айырмашылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], 165-167бет; [6], 41бет


16-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Сауалдар:

1.Ұжымдық қауіпсіздік. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі. Аймақ негізіндегі ұжымдық қауіпсіздік. Аумақтық келісімдер және ұйымдар. Олардың қызметтерінің құқықтық жағдайлары.

2.1975 жылғы Европа ынтымақтастығы және қауіпсіздік жөніндегі қорытынды акт. Азия және басқа да континенттер жөніндегі аумақтық қауіпсіздік мәселелері.

3.Азиядағы сенім шараларын бекіту мәселелері бойынша Қазақстанның бастамашылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 100бет; [3], 141бет
17-тақырып. Қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастық.

Сауалдар:

1.Ынтымақтастық аясы:

а) Құлдықпен күрес, құл сатумен және адамдарды сатудың басқа да нысандары. 1926 және 1956 жылдардағы конвенциялар.

б) психотроптық заттар және есірткі құралдарын заңсыз өндіру және таратумен күрес. Ортақ конвенция

в) теңіздегі қарақшылықпен күресу;

г) әуе кемелерін заңсыз басып алу және азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған басқа да заңсыз әрекеттермен күресу. 1970-жылғы Гаага Конвенциясы.

2.1971-жылғы Монреаль Конвенциясы. Қазақстанның бір қатар көрші мемлекеттермен жасасқан әуе кемелерін айдап кетуді болдырмау туралы екі жақты шарттары.

д) әр түрлі нысандардағы халықаралық терроризм. 1973-жылғы халықаралық қорғауға ие тұлғаларға, сонымен бірге дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы Конвенция.

3.Жалдамалылық үшін жауапкершілікті халықаралық-құқықтық регламентациялау мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 169-167бет; [19], 91бет


18-тақырып. Аумақ және шекара.

Сауалдар:

1.Мемлекеттік аумақ. Түсінігі және құрамдас бөліктері. Жер, су және әуе аумағы мемлекеттің өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Мемлекеттің аумақтық үстемдігі.

2.Мемлекеттердің аумағын шектеу. Халықтардың өз тағдырларын өздері анықтау құқығы – аумақтық шектеудің құқықтық негізі ретінде. Мемлекеттің аумағын өзгертудің құқықтық негіздері мен тәсілдері.

3.Мемлекеттік шекаралар. Шекара режимдері туралы шарттар. 1993-жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны қорғау туралы Заңы. Қазақстанның аумағы мен шекаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7], 100бет; [3], 141бет
19-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы.

Сауалдар:

1.Аумақ сулары. Жағадағы мемлекеттің аумақ суындағы егеменділігі. Аумақ суының шекарасы. 1958, 1960-жылғы БҰҰ-ның Женева конференциялары мен БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конфефренциясындағы аумақ суының көлемі туралы мәселелері.

2.Аумақ суының құқықтық режимі. Сауда кемелерінің бейбіт өту құқығы. Шетел әскери кемелерінің өту мәселелері. Мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті. 1958-жылғы аумақсуы мен іргелес зона туралы Конвенция. БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты үшінші конференциясы мен жағадағы мемлекеттердің заңнамалары бойынша аумақ суларының режимі.

3.Іргелес зона: түсінігі мен құқықтық режимі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 100бет; [19], 141бет
20-тақырып. Құрлықішілік мемлекеттердің құқықтық мәртебесі.

Сауалдар:

1.БҰҰ-ның теңіз құқығына қатысты конференцияларында құрлықішілік мемлекеттердің теңізге шығуы мәселелерін қарастыру.

2.Құрлықішілік мемлекеттердің теңізге еркін шығуы құқығын кодификациялау.

3.Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігі түсінігі. Халықаралық құқықтағы транзит еркіндігін құрлықішілік мемлекеттердің пайдалануы. Құрлықішілік мемлекеттердің жағадағы көрші мемлекеттердің аумағы арқылы транзитін құқықтық регламентациялау. Көлік құралдарының транзиті.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет

21-тақырып. Халықаралық әуе құқығы.

Сауалдар:

1.Халықаралық әуе құқығы мәселелері бойынша негізгі халықаралық конвенцияларо. 1944-жылғы халықарлық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясы. Қазақстан Республикаысның авиацияға қатысты екіжақты шарттары.

2.Әуе кеңістігінің халықаралық режимі. Мемлекеттердің әуе кеңістігінен ұшу ережелері, шетелдік әуе кемелеріне ұшу құқығын беру тәртібі мен талаптар, аэропорттарды пайдалану тәртіптері мен шарттары.

3.Қазақстан Республикасының халықаралық әуе кеңістігінде ұшу ережелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 116-103бет; [19], 119бет
22-тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық.

Сауалдар:

1.Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін еркін зерттеу мен пайдалану. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін ұлттық деп жариялауға тиым салу. Ғарышта әскери қызметте тиым салу. Ғарыш кеңістігінде нақты зиянды тәжірибелер жүргізуді болдырмау. Мемлекет егемендігінің жоғарғы шегі мәселесі.

2.Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің құқықтық режимі. «Ғарыш объектісінің» түсінігі. Ғарыш объектілерін тіркеу. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлерге юрисдикцияның таралуы мен оларды бақылау.

3.Ғарыш объектілеріне меншік құқығы.Ғарышкерлердің оралуы мен оларды құтқаруға және ғарыш объектілерінің оралуына қатысты мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [18], 109-103бет; [19], 115бет
23-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық.

Сауалдар:

1.Жер атмосферасын зиянды әсерлерден қорғау. Жасанды әсер етулерді құқықтық реттеу. Климатқа және табиғатқа жасанды әсер теулерді құқықтық реттеу. 1976-жылғы әскери және басқа жағымсыз құралдарды пайдаланып Табиғатқа әсер етуге тиым салу туралы Конвенциясы.

2.Көшіп жүретін жануарларды қорғау. Жоғалу қаупі туған жануарлар мен өсімдіктерді және маңызды экожүйелерді сақтау. Жануарлар мен өсімдіктерді аурулар мен зиянкелтірушілерден сақтау.

3.1973-жылғы жоғалу қаупі туған жабайы фауна мен флораны халықаралық саудалау түрлері Конвенциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет
24-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық.

Сауалдар:

1.Әсери қақтығыстарды регламентациялау мәселелері бойынша актілер. 1949-жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева Конвенциясы және 1977-жылғы оған Қосымша хаттамалар. Соғысты жүргізу құралдарын шектейтін шарттар мен Конвенциялар.

2.Әсери қылмыстар үшін және адамзатқа, бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін халықаралық актілер. Қазақстан тарихындағы соғыс жүргізуге қатысты әдет-ғұрыптық ережелер.

3.Комбатанттар (соғыспайтындар). Тұрақ және тұрақты еме қарулы күштер. Партизандар. Ұлт-азаттық қозғалыстардың қатысушылары. Жалдамалыларға комбатант мәртебесінің таралмауы. Комбатант еместер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 101-103бет; [11], 112бет
25-тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық.

Сауалдар:

1.Халықаралық қатынастарға қатысатын діни ұйымдардың заңдық ерекшеліктері.

2.Халықаралық аренада қызмет атқаратын діни ұйымдарды саралау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11], 109-103бет; [19], 119бет


26-тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары.

Сауалдар:

1.Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше ролі.

2.Халықаралық мәмілеге келтіру процедурасы. Қайырымды қызмет. Дедалдық. Тергеу және келісім комиссиялары және оларды ұйымдастыру. Мәмілеге келтіру процедурасына қатысты халықаралық келісімдер. Мәмілеге келтіру процедураларына Қазақстанның қатысуы.

3.Халықаралық аралық соттар (арбитаж). Аралық соттардың дамуының тарихы және оның қызмет ету процедурасы. Гаагадағы аралық соттың Тұрақты Палатасы. Халықаралық аралық соттардың түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [9], 111-103бет; [19], 119бет


27-тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

Сауалдар:

1.ФАО-ны (азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұйым) құру. ФАО БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде. ФАО міндеттері. Қатысушы мемлекеттердегі халықтың тамақтануын жақсарту және тұрмыс деңгейін көтеру.

2.Азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін жақсарту. ФАО органдары. Қазақстанның ФАО қызметіне қатысуы. Қазақстанның азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сақтаудың халықаралық тәжірибені пайдалануы.

3.Ауыл шаруашылықты дамытудың Халықаралық қоры ( ИФАД). ИФАД құрылымы. ИФАД-қа мүшелік. Атқару Комитетінің 6-сессиясында қабылданған ИФАД ережелері. ИФАД, 1982-жылдың қыркүйегі. ИФАД-тың мемлекеттерге қаржылық көмек көрсетуі: процедуралары, тендерлік құжаттар, контрактілерді бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет
28-тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

Сауалдар:

1.Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қатынасы. Қазақстан Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдердің өзара қарым-қатынасын байланыстырушы мемлекет ретінде.

2.Қазақстанның халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың қызметіне қатысуы.Қазақстанның Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі транзиттік теміржол магисталін қамтамасыз етуге қатысуы.

3.Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аумақтық және планеталық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде. Қазақстанның НАТО Кеңесінің қызметіне қатысуы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [17], 101-103бет; [19], 112бет


1 Баскин Ю. Фельдман Д.И. История международного права. –М. 1990. -207 с.

2 Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 1989. 239 с.

3 Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве. М., Международные отношения. 1986. – 160 с.

4 Верещетин В.С. Международное сотрудничество в космосе: павовое вопросы. –М.:наука, 1977. 264 с.

5 Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве М., Наука, 1988. -191 с.

6. Ержанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. –Алматы: Данекер, 2003.

7 Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. М., Международные тоношения, 1982. 237 с.

8 Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право. Алматы, 2002. -467 с.

9 Попов В.И. Современная дипломатия. Теория и практика. Москва, 2004, -576 с.

10 Родинов К.С. Интерпол: вчера, сегодния и завтра. М., Международные отношения. 1990. 223 с.

11 Салимгерей А.А. Правовой статус каспицского моря (проблемы теории и практики). Алматы. 2003. -208 с.

12 Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии Алматы: Галым. 1995. -368 с.

13 М.А. Сарсембаев. Международное космическое право и Казахстан. – Алматы: Данекер, 2003.

14 Сафонова О.Н. Соотношение международного права и национального права Республики Казахстан.-Алматы: Данекер, 2002.

15 Сборник международных конвенций. Республики Казахстан. –Автор-составитель К.К. Сарсембаев.- Алматы: Данекер 1997. -190с.

16 Токаев К.К Организация Объединенных Наций: Полвека служения миру. – Алматы: Атамура, 1995. -189с.

17 Тункин Г.И. Теория международного права. М. 2000, 416 с.

18 Ципин В. Церковное право. – Москва, 1994.

19 Шибаева Е.А. Право международной организации: Вопросы теории. М.: Международные отношения, 1986. – 159 с.

20 Токаев К.К. Преодление. Дипломатические очерки. Алматы. 2003. 656с.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет