Бақылау сұрақтары:
Биообъектілерді өсіру әдістері қандай?
Культивирлеу дегеніміз не?
Микроорганизмдерді кезеңді түрде культивирлеу шарттары
Практикалық сабақ №7
Гидролизат алу әдістері
Жоспар:
1.Гидролиз реакциясы
2.Тұздар гидролизі
3.Гидролиздің фармация мен медицинадағы маңызы
4. Гидролизат алу үрдісінің технологиясы
5.Гидролизат алу әдістері
Гидролиз(гидро... және грек. lysіs – айыру, ыдырау) – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Гидролиз — судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады. Судың полисахаридке қосылу реакциясынан пайда болған бастапқы қарапайым қантты гидролиз деп атайды (гректің екі сөзінен тұратын хидор – су және лизис – ыдырау). Полисахарид гидролиз нәтижесінде өсімдіктің жасушалық қабырғасы негізінде моносахарид қоспасына айналады: пентоз (көміртегінің С5Н10О5 бес атомын құрайтын) және гексоз (С6Н12О6 көміртегінің алты атомынан тұратын).
Гидролиз өнімінің сулы ерітіндісін гидролизат деп атайды, дайындаудан және тазартудан кейін әр түрлі микроорганизмдерді культивирлеу үшін орта ретінде қолданылады.
Тұздар гидролизі 1. Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар. Мұндай тұздарда гидролиз анион рқылы жүреді. Ортаның қасиеті сілтілік, р. Н>7 болады. 2. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырайды, нәтижесінде қышқылдық орта көрсетеді, яғни р. Н<7 болады. 3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұзадар гидролизге ұшырайды, нәтижесінде бейтарап орта көрсетеді, яғни р. Н=7 болады. Гидролизге тұздардың 3 түрі ұшырайды:
Сурет 2. Тұздар гидролизінің негізгі формулалары
7>
Достарыңызбен бөлісу: |