Ыстықпен өңдеу және кептіру. Биотехнологиялық өндірісте дайын өнімді алдын ала концентрлеу әдісінде булау үрдісі кеңінен таралған. Кұрғақ затты концентрлеуде культуралды сұйықтықты булау 20-40 % жетеді. Негізінде биосинтездің дайын өнімін қыздырғанда (термолабильді) шыдамайды және 5-15 минутта 50-600С температурада белгілі бір дәрежеде инактивтеледі. Сондықтан буландыру үрдісі соңғы өнімінің биологиялық активтілігінің минимальды жоғалуын қамтамасыз ететін режимде жүргізіледі.
Әрбір өнімге сәйкес температурада буландыру аппаратына өнімнің келуі тәжірибелі жүйеде анықталады. Культуралды сұйықтықты буландыру үшін 70-800С температура қабылданады. Буландыру аппаратында сұйылуда мұндай температура қайнау температурасына жетеді. Буландыру көп корпусты немесе бір корпусты вакуум - буландырғыш қондырғыда жүргізіледі.
Сурет 5. Ағатын қабықпен буландыру аппараты (В.И.Яковлев, 1987)
Көп корпусты вакуум-буландырғыш қондырғыда культуралды сұйықтық бір аппарттан басқа аппаратқа тізбектеліп келіп, культуралды сұйықтық көп рет буландырылады. Буландыру аппараты 25-суретте көрсетілген, төменгі ағымдағы принциппен жұмыс істеледі. Культуралды сұйықтық қабылдағыш бактан насоспен буландырғыштың жоғарғы бөлігіне беріледі, құбырдың жоғарғы жағында тордың бетінде біркелкі таратылады және құбырдың ішкі жағында жоғарыдан төмен қарай жұқа қабықша түрінде ағады.
І-бір сатылы буландырғыш; 2-шашыратып бөлгіш; 3-екіншілік буға арналған құбыр; 4-екі сатылы буландырғыш; 5-үш сатылы буландырғыш; 6-бетіндегі конденсатор; 7- насостар; 8-сусақиналы вакуум – насос.
Сурет 6. Үш корпусты буландырғыш қондырғы (И. М. Грачева және басқалары, 1980)
Құбыр аралық бос жердегі бірінші буландырғышқа ыстық бу беріледі. Культуралды сұйықтықты буландырғанда пайда болған буды екіншілік бу деп атайды, құбыр бойымен сұйықтық қабықша ағады, содан соң сұйықтық бөлгішке келіп түседі. Мұнда екіншілік будан буландырғыш сұйықтықты бөлу жүргізіледі. Екіншілік бу 80-870С температурада, құбыр аралық бөлгішке екіншілік буландырғышқа жіберіледі.
Қоюланған культуралды сұйықтық бірінші буландырғыштың төменгі бөлігінен және бөлгіштен насостың көмегімен буландырғыштың екінші сатысына, содан соң үшіншісіне жіберіледі. Үшінші сатыдағы буландырғышта культуралды сұйықтықтағы биомассаның концентрациясының шығымы 18-22% дейін жетеді (құрғақ зат бойынша есептегенде).
Достарыңызбен бөлісу: |