Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»


Бактериялық тыңайтқыштарға сипаттама



бет32/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Практ

Бактериялық тыңайтқыштарға сипаттама. Бактериялық тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар тыңайтқыш заттар. Бактериялық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде ондағы биохимикалық процестер күшейіп, өсімдіктің тамырлары арқылы қоректенуі жақсарады. Қазақстан|да Бактериялық тыңайтқыштардан нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин, т.б. қолданылады. Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолданылатын тыңайтқыш. Оның құрамындағы бактериялар өсімдік тамырларына шоғырланып, көбейіп, ауадан азот жинайды. Оны сіңірген өсімдік, өсуін жақсартады. Азотбактерин – құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Ол, әсіресе, көкөніс пен картопқа өте пайдалы. Фосфорбактерин – құрамында көп мөлшерде микроорганизм спорасы бар (1 г-нда 6 – 8 млрд.) тыңайтқыш. Бұл бактериялар фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.
Бактериалды тыңайтқыштар олардың бұршақты өсімдіктермен симбиотикалық әрекеттесуі анықталғаннан кейін бірден қолданыла бастады. Бұл бактериялар ауадан оттегін алып, өсімдіктер сіңіретін азотты синтездейді, ал сол бактериялар бактерияларды қоректендіреді. Қазіргі заманғы өндіріс түйінді бактерияларды синтездейді және қолданады, олардың ішінде ең танымаллары ризоторфин және нитрагин.
Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі — бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.
Бұл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады. Біріншіден — бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді, екіншіден — микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады. Үшіншіден— бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді), төртіншіден—бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыіпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин, торфты — ізбесті қоспада өсіріл-ген бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және силикат бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет