Сабақта бірлескен оқу ортасын құру


Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау



бет4/9
Дата08.12.2023
өлшемі316.29 Kb.
#485963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
12 апта (дәріс)

Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтың мақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушылардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын материалды іріктейді, қорытынды сұрақтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сабақ құрылымын айқындайды. Сабақ жоспарында сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидактикалық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша мазмұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек білімдер өзектендіріледі, жаңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдайлары оларды қолданудың дағдылары, оқушылардың оқу әрекетін бақылау және түзету, білмеуден білуге карай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу танымдық және практикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:

  • оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;

  • оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқыту, жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.

Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 2016 жылдан бастап еліміздегі барлық жалпы білім мектептер жаңа бағдарлама бойынша білім беруде.
Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады.
Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындап, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау қажет.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімдер төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
Сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
Орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады. Мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Сабақтың басты міндеті-оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.
Оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз қажет. Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Сабақты жоспарлау. Сабақты жоспарлау бұл тиімді оқыту және білім алушылардың оқу мақсаттарына жетуі үшін қажетті педагогикалық практиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Орта білім беру ұйымдарындағы сабақтарды жоспарлау нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317). Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мұғалімдер сабақты жоспарлауда екі құжатты жүргізеді:
1. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар.
2. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар.
Екі жоспар да қағаз түрінде де, электронды түрде де жүргізілуі мүмкін (word, pdf).
1. Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар. Педагог оқу жылы басталғанға дейін бір рет пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспар әзірлейді. №130 бұйрыққа сәйкес орта мерзімді жоспарда мынадай міндетті тармақтар болуы тиіс:
- бөлім / ортақ тақырыптар;
- сабақтың тақырыбы;
- оқыту мақсаттары;
- сағаттар саны;
- өткізу мерзімдері және ескертпе.
2-кесте - Пәндер бойынша орта мерзімді жоспардың үлгісі

№ р/с

Бөлім/ Тақырыптар

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағаттар саны

Мерзімдер

Ескертпе

І тоқсан






















ІІ тоқсан







ІІІ тоқсан






















ІV тоқсан

2. Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар.


Барлық оқу пәндерінің мұғалімдері күн сайын кестеге сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарын жүргізеді. №130 бұйрыққа сәйкес сабақ жоспары келесі міндетті тармақтарды қамтуы керек:
- оқу бағдарламасының бөлімі;
- педагогтің аты-жөні;
- сабақты өткізу күні;
- сыныпта қатысқандардың / қатыспағандардың саны;
- сабақтың тақырыбы;
- оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары;
- сабақтың мақсаттары (оқу мақсаттарына сәйкес жасалады);
- сабақ барысы (сабақ кезеңі, мұғалім мен білім алушылардың іс-әрекеті, бағалау және ресурстар) (9-кесте).

3-кесте - Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі



Бөлім




Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)




Күні




Сынып

Қатысушылардың саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары




Сабақтың мақсаттары




Сабақ барысы





Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар































Педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын дербес таңдауға құқылы.


Сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар болған кезде әдістемелік бірлестіктер мақұлдаған жеке оқу бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру қарастырылады.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау қажеттілігін негіздеу.
Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау не үшін қажет?

3-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет