109. «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»
Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.
Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.
Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:
Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды.Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.
110. «Екі лагерь»
Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.
Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
111. «Елестету көрінісі»
Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп, суреттерді қорғау.
112. «Ең зейінді»
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |