8. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» немесе - «Еркін жазу» әдісі
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Сабақтың әр бөлігінде тоқталу керек.
9. «Дұрыс-бұрыс» әдісі- тұжырымдар кестесі
Ескерту. Кесте артық бөлімдермен сызылуы керек. Барлық оқушыларға алдын ала таратылады. Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «Дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе «-» таңбасын қояды.
10. «Кубизм» Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады. /Кубтың әр қырына түсіндіріңіз, суреттеңіз, зерттеңіз, талдаңыз, қолданыңыз, салыстырыңыз деген сияқты жұмыс атауларын да жазуға болады./
11. «Кластер» немесе «Топтастыру» , «Жинақтау әдісі» - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.
а) жұпта талқылау
ә) топта ой бөлісу
б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |