13
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады.
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдердіқұрылысына қарай
талдап, ерекшелігіне тоқтал.
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;
Абай – атау
тұлғалы зат есім;
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с.сұрақтар оқушының жоғарыда
берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
1.
Жай сөйлемдер
неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?
Себебі:
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері
түгел қатысады. Мысалы:
Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.
ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады.
Мысалы:
Шараны сайладьқ.
2.
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі
кезінде ойға қатысты
сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол
сөздердің алдыңғы сөйлемде
айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»1.
Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.
Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3
тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін
толымсыз сөйлемге айналдыр.
Үлгі: Үргеніш шешені:
-
Сөз анасыне?
-
Су анасы не?
-Жол анасы не? - деп сұрайды.
Сонда Сырым батыр:
-
Сөз анасы–
құлақ,
-
Су анасы-
бұлақ,
-
Жол анасы-
тұяқ!-
деп жауап береді.
Толымсыз сөйлем:
Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп
сұрайды.
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап
береді.
1.
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.
Толымды сөйлемді толымсыз
сөйлемге айналдырғанда,
шешендік сөздің
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: